Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форум Көкшетауда өтеді

Жарияланған күні:

Мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін алдағы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындық жұмыстары туралы облыс әкімінің төрағалығымен облыстық әкімдікте өткен кеңесте сөз болды.

Облыс әкімдігінде Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындық талқыланды
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Өңіраралық ынтымақтастық форумының тақырыбы - экология, сондықтан Ермек Маржықпаев атап өткендей, біздің басты әріптесіміз — Экология министрлігі. Жергілікті мемлекеттік органдардың қазіргі кезеңдегі міндеті-орталық органдар алдында барлығын нақты белгілеу, өйткені қаржыландыру мәселелері республика деңгейінде шешіледі. Аталған министрлікпен тығыз байланыста жұмыс істейтін боламыз, соның ішінде көрмені дайындау.

Облыс әкімдігінде Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындық талқыланды
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Қазір бізді форумның өзін өткізу, қонақтарды орналастыру, олардың тамақтануы мен бос уақытын ұйымдастыру, қаланы абаттандыру және оған кіреберістерді абаттандыру мәселелері көбірек толғандыруы тиіс, -деп әкім атап өтті.

Көкшетау қаласы әуежайының ғимаратын күрделі жөндеу, оның қонақ үйі ғимаратын күрделі жөндеу, аумақты абаттандыру, сондай-ақ темір жол вокзалы мен автовокзалы туралы сөз болды.

Облыс әкімдігінде Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындық талқыланды
Фото: Акимат Акмолинской области: Facebook

Форумға дайындалудағы басты нысан – «Болашақ сарайы» құрылысы болып табылады, онда өңіраралық ынтымақтастық форумының негізгі іс-шаралары өтеді. Мәселен, 1500 адамға есептелген, екі аймақтан — зияткерлік және спорттық дамудан тұратын ғимараттың жанында жаңа жылға дейін бірінші аймақтың бірінші қабатының немесе блоктың құрылысы және екінші блоктың цокольды қабатының құрылысы аяқталады. Сәуір айында жұмысшылар әрлеу жұмыстарына кіріседі деп сендірді қала басшысы.

Облыс әкімі жауапты шенеуніктерге олардың міндеті — қарау, бақылау, бағыттау, яғни алдағы имидждік іс-шараға мұқият дайындық жүргізу екенін еске салды. Осындай құрамда жиналу және форумға дайындық барысын айына бір рет талқылау туралы шешім қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833612-kazakstan-men-resejdi-iraralyk-yntymaktastyk-forum-kksetauda-tedi/