Көкшетауда жаңа жыл қарсаңында 2020 соққыдан тұратын флешмоб өтті

Опубликовано:

Ақмола облыстық спорт карате федерациясының филиалы жаңа жылдық флешмоб өткізді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Көкшетауда жаңа жыл қарсаңында 2020 соққыдан тұратын флешмоб өтті
Фото: Ақмола облысының әкімдігі: UGC

Сапқа 100-ден астам жауынгер және олардың ата-аналары тұрды. Жаттығу 2 сағатқа созылды. Ең жас қатысушыға 3 жас, ал ең үлкеніне – 70 жас.

Руслан Дүкенбаев, ҚР спорт каратэ федерациясының президенті:

"Біз осындай шараны бесінші жыл өткізіп жатырмыз. Әр жолы да көп болып келе жатқандығы қуантады. Акцияға тек біздің жауынгерлеріміз ғана емес, олардың ата-аналары, аталары мен әжелері қатысты" - деп атап кетті.

Залда жағымды, спорттық көңіл-күй және ұйымшылдық атмосферасы орнады. Кейбір жаттығулардың күрделілігіне қарамастан, ересектер өз балаларынан қалып қойған жоқ және икемділігін, төзімділігін, күшін және ептілігін көрсетті. Тәжірибелі жаттықтырушылар Руслан Дүкенбаев, Ернат Шәріпов, Айжан Көпаш қатысушыларды қолдап, өзінің жеке үлгісімен спортпен айналысуға ынталандырды.

"Спорт-бұл тек жақсы дене бітімі ғана емес, өзін қорғай білу, жинақы, тәртіпті болу. Карате мен үшін жаңа достар тауып, зиянды әдеттерге қарсы тұру тәсілі, – дейді флешмобтың қатысушысы Айым Терекулова. - Жастарға спортазлға баруды ұсынамын, бұл екінші тыныс ашып, өз мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі".

Айым оқу-жаттығуларға мектеп табалдырығынан бастап бірнеше жыл барады. Ол биылғы жылы Ж. Мусин атындағы Қазақ педагогикалық колледжінің студенті болғанына қарамастан каратэмен айналысуды жалғастыруда.

Көкшетауда жаңа жыл қарсаңында 2020 соққыдан тұратын флешмоб өтті
Фото: Ақмола облысының әкімдігі: UGC

Іс-шара барысында ата-аналар комитетінің өкілдері, сондай-ақ жарыстарды өткізу кезінде ұйымдастырушылық мәселелерге көмектесетін, спортшыларды қолдау және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруда белсенді ұстаным танытатын ата-аналар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

"Эмоциялар шаршайды. Балаларымызды мақтан тұтамыз,олар нағыз спортшылар мен батырлар, Чемпиондар, – деп өз әсерлерімен бөлісті каратистің әкесі Андрей Дембицкий. - 2020 соққы жасау оңай болғанмен, Флешмоб бір деммен өтті. Данил секцияға бесінші жыл қатысып, балабақшадан бастады. Осы уақыт ішінде көптеген медальдар, грамоталар, жеңістер, эмоциялар мен жарыстар болды. № 13 "Экос" ОМГ сенсей Айжан Көпаштың басшылығымен жаттығуларға барады".

Зейнеткер Серік Сәбитов Ерсұлтан Сатыбай немересін қолдауға келді, онымен бірге жаттығу жасады:

"Бүгінгі акция-дұрыс және қажетті іс. Спорт тәрбиелейді және шыңдайды. Ерсултан қазір балабақшаға барады. Бала кезінен мінезді қалыптастыру туралы шешім қабылданды, сондықтан да каратаға берілді".

Флешмобтан басқа, облыстық спорт карате федерациясы тәрбиеленушілерге орманға жорық ұйымдастырып, табиғатта Аяз Ата мен Ақшақарды шақыра отырып, жаңа жылдық ертеңгілік өткізді, сонымен қатар көңілді старттар мен таза ауада ойындар өткізді, содан кейін барлығы кафеде тәтті тағаммен тамақтанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1833711-kksetauda-zaa-zyl-karsaynda-2020-sokkydan-tratyn-flesmob-tti/

jitsu gif