Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ екінші ұшқыш қамауға алынды деген ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Алматыда апатқа ұшыраған ұшақтың екінші пилоты қазіргі таңда ауруханада жатыр. Полиция қызметкерлерінің медициналық мекемеде болуы тек қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін қарастрылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ішкі істер министрлігі БАҚ пен қоғамға дәлелденбеген ақпарат таратпауды сұрады. Айта кетейік, бұған дейін апатқа қалған ұшақтың екінші ұшқышы ес-түзсіз ауруханада жатыр деп хабарлаған болатынбыз.

Оған қоса, ел арасында пилот қамауға алынды деген ақпарат тарап кеткен. Дәрігерлер болса, жантүршігерлік жағдайда зардап шеккен өзге жолаушылардың қал-жағдайын баяндады.

Айта кетерлігі, олардың арасында тоғыз бала бар. Оның ішіндегі төртеуі бір үйдің балалары болып шықты.

Қазір мемлекет бойынша аза тұту күні жарияланды. Барша көңіл көтеру кештері мен шаралары өткізілмей, немесе басқа күндерге ауыстырылып жатыр.

Оған қоса, ІІМ орын алған оқиғаға қатысты қозғалған қылмыстық істің тергеу жұмыстары қалай өтіп жатқанына қатысты мәлімдеме жасады.

Бүгінгі ОКҚ-да өткен брифинг барысында Bek Air компаниясының құрылтайшысы кім екені белгілі болды.

Сонымен қатар, Алматы әкімі Сағынтаев зардап шеккендер жатқан аурухана басшыларымен кездесті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834027-iim-ekinsi-skys-kamauga-alyndy-degen-akparatty-zokka-sygardy/

pixel