Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйді ауыстырып шаршадық: 11 жасар бала Аяз атаға жантебірентерлік хат жолдады

Опубликовано:

Петропавлдың 11 жастағы Асқар есімді тұрғыны Аяз атаға хат жазды. Жасөспірім өзіне ғана емес, отбасы үшін сыйлық сұраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Петропавл жаңалықтарына сілтеме жасап.

Фото: pkzsk.info / pixabay.com
Фото: pkzsk.info / pixabay.com: Facebook

Асқардың заттарын жинап жүргенде хатты анасы Марал тауып алыпты. Ол ұлының дәптерлерінің арасында жатқан. Асқар Жаңа жылдың алдында қызуы көтеріліп, ауруханаға түсіп қалғандықтан оны Аяз атаға жібере алмапты.

Хат мәтініне сүйенсек, Асқардың отбасы бай тұрмайды және оның інісі екеуінің жалғыз асыраушысы - анасы.

Анасы Марал үнемі жұмыста жүргендіктен үйде жиі болмайды.

"1) Кіші інім екеуіміздің өз бөлмеміз болғанын қалаймын (үйді ауыстырып шаршадық).
2) Басқа көп балалар сияқты өзіме және ініме көп сыйлықтар қалаймын (велик, ініме робот)
3) Жаңа жылда анамның бізге уақыты көп болғанын, ақшасы көп болғанын қалаймын (ол көп жұмыс жасайды).
4) Барлығына мықты денсаулық пен бақыт тілеймін!", - деп жазған Асқар.
Фото: pkzsk.info
Фото: pkzsk.info: UGC

Еске сала кетсек, балалар ертеңгілігінде полицейдің киімін киіп, желіде танымал болған алматылық алты жасар Нұрислам жаңа видео түсірген еді. Ол көпшілікті жаңа жылмен құттықтаған.

Бейнежазба балақайдың Instagram парақшасында жарияланды. Нұрислам полицей формасын киіп, бокалдағы сусынмен бірге Қазақстанды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834574-jdi-auystyryp-sarsadyk-11-zasar-bala-aaz-ataga-zantebirenterlik-hat-zoldady/

pixel