Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде туысынан зорлық көргенін айтқан аруға қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Ақтөбе туыс бойжеткенді зорлады деп күдіктеліп жатқан ер адамға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Жәбірленуші қыздың анасы туысына үйдің кілтін сеніп тапсырып кетіп жүргендіктерін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Отбасының туысқаны саналатын 1966 жылғы ер адам жәбірленушінің үйінде құран оқып, мүмкіндігі шектеулі бойжеткен массаж жасап жүрген.

Ал қыздың ата-анасы әкесіндей нағашысынан күдіктенбей сенім артып, өздері жоқта "қызымызды қарап қой" деп кілтті де соған сеніп, қалдырып кетіп отырған.

"Азғын қызымның сөйлей алмайтынын пайдаланып, білгенін жасаған. Қолында кілті болған соң біз жоқта үйге еркін кіріп, қызымды қорлады. Ер адам ауылдағы жалғыз туысымыз. Өзінің әйелі, бала-шағасы бар. Оның үстіне адам қабылдап, ем жүргізеді. Үйге келіп, құран оқып жүрген адам. Біз оған сендік. Қалай ғана жауыздыққа барды? Қызым оны көргенде ашуланады. Оған "өл" деп қолын мойнына апарып көрсетеді. Біз оның не үшін айтатынын білмей "Қой, ол туысқанымыз, ұят болады" деп жүрміз. Сорақылықтың бәрін кейін білдік", - дейді көзінің жасын тыя алмаған анасы.

Жәбірленуші саналатын мүгедек арудың құлағы естімейді, сөйлей алмайды. Анасына болған жайды ыммен түсіндірген. Үйдің барлық бөлмесінде қалай болғанын қолымен көрсетіп берген.

"Қызым "көп болды, баяғыдан болды" деп айтады. Өзім бұл жайды өткен жылдың қыркүйегінде естідім. Бірден полиция шақырып, болған жайды баяндадық. Бізге әділдік керек. Кінәлі адам құтылып кетпей жазасын алса екен" ,- дейді әйел адам.

Қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары  жүріп жатыр.

"Ақтөбе қаласының №2 сотына ҚР ҚК 120 бабы 2 бөлім 4 тармағы, зорлау дерегі бойынша айыпталған 1966 жылы туылған азаматқа қатысты қылмыстық іс түсті. Қылмыстық іс прокурорға қылмыстық процестік заңнаманың бұзушылықтарына байланысты қайтарылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", - дейді облыстық соттың бас маманы Айжамал Сүндет.

Ал прокурорлар кемшіліктердің жойылып, істің сотқа қайта жолданатынын айтады.

Қазір күдікті қамауда отыр.

Еске сала кетейік бұған дейін, екінші топтағы мүгедек қыз өзін емдік массаж жасайтын туысының зорлағанын айтқанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836097-aktbe-tuysynan-zorlyk-krgen-aruga-katysty-zaa-derek-sykty/

pixel