Министрлік: "Bek Air-дің" ұшпай қалған рейстерінің билеттері толық қайтарылады
Жарияланған күні:
"Bek Air" әуе компаниясының ұшпай қалған рейстерінің билет құны жолаушыларға толығымен қайтарылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі берген мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта "Bek Air" әуе компаниясынан Z9 жеке идентификаторы (коды) қайтарылып алынбаған.
Десе де, Z9 кодын кері қайтару жұмысы орындалмаған рейс билеттерінің құнын қайтаруға еш әсер етпейді.
Министрліктің айтуынша, ИАТА код дегеніміз ИАТА әуе компаниясымен берілген 2 немесе 3 символды жеке идентификатор.
"Бэк Эйр" әуе компаниясының орындалмай қалған рейстеріне билет алған адамдар алған жерінен билет ақшасын толығымен қайтарып ала алады", - делінген министрлік хабарламасында.
Мекеменің дерегінше, тараптардың бірі міндетін орындамаған жағдайда Азаматтық кодекстің 9-бабына сәйкес, екінші тарап сот органы арқылы келтірілген материалдық және моральдық шығынды талап ете алады.
Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.
Оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған еді.
Әуе апатының себебін анықтайтын арнайы комиссияны басқаратын Роман Скляр қайғылы жағдайға негізгі себеп - әуе кемесіне мұз қату болуы мүмкін деген болатын.
Сондай-ақ әуе кемесі көкке көтеріліп, апатқа ұшырамай тұрғанда ұшқыштардың не сөйлескенін жариялаған еді.
Сонымен бірге, апатқа ұшыраған ұшақ командира Марат Мұратбаевтың қарындасы Сәуле Мұратбаева алғаш рет сұхбат берді. Әйел адам тәжірибелі ұшқыштың әуе кемесіне мұз қатқанын байқамай қалуы мүмкін емес екенін айтқан.
Мұратбаеваның сөзінше, ағасы ұшқыш болуды бала күнінен армандаған. Мақсатына жету үшін аянбай тер төккен ол 40 жыл бойы 20 мың сағаттан астам уақыт әуеде болған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836099-ministrlik-bek-air-di-spaj-kalgan-rejsterini-biletteri-tolyk-kajtarylady/