Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Опубликовано:

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі кездесуінің мерзімі белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Фото: Боксшының әлеуметтік желідегі парақшасы
Фото: Боксшының әлеуметтік желідегі парақшасы: Facebook

Отандық былғары қолғап шеберінің менеджері Эгис Климас Instagram желісіндегі парақшасында Жәнібектің наурыз айында рингке оралатынын жазды.

"Біз рингке наурызда ораламыз, анонстар мен жаңалықтардан хабардар болып отырыңыздар", - деді Klimas Management басшысы.

Ал танымал қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин де келесі жекпе-жегін көктемде өткізеді. Оның польшалық Камил Шереметаға қарсы титулды жекпе-жегі 28 наурызға белгіленіп отыр.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы кездесуін 9 қарашада АҚШ-тың Калифорния штатындағы Фресно қаласында өткізді.

Ол канадалық қарсыласы Альберт Онолуносені алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBC Continental Americas және WBO Global чемпиондық титулын сәтті қорғады.

Еске сала кетсек, қаңтар айының басында кәсіпқой боксша атой салып жүрген Қазақстанның үздік 10 боксшысының есімдері белгілі болды.

Ешқашан жеңілмеген Айдос Ербосынұлы, Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахмедов Boxrec.com сайты құрастырған тізімге енбей қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836381-znibek-limhanlyny-kelesi-zekpe-zegi-kasan-tedi/

pixel