Нұр-Сұлтанда "порнокастинг студиясы" жайлы ақпарат тексерілуде (фото)
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтандағы автокөліктің суреті әлеуметтік желілерде етек жаюда. Фотосуреттегі темір тұлпардың сол жақ бөлігінде порнографиялық видеороликтер көруге арналған сайттың логотипі бейнеленген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сурет JEXENNEWS Telegram арнасында жарияланған. Сайттың логотипінен бөлек, автокөліктің сыртында фирма көрсететін: жұмысқа тұру және кастингтерді ұйымдастыру секілді қызметтер көрсетілген.
Атап өту керек, қазіргі уақытта желіде тараған фотосуреттердегі автокөлікке ие фирманың немен айналысатыны белгілі болды.
Дегенмен Brazzers-тің танымал порностудия және ересектерге арналған видеоматериалдарды көруге арналған сайт екені белгілі. Ашық дереккөздердің мәліметінше, сайт аудиториясы 18 миллион бірегей пайдаланушылардан тұрады және ол порнографиялық сипаттағы бейнероликтер мен фильмдерді көру үшін әлемдегі ең үздік платформалар тізіміне кіреді.
Үш жыл бұрын оның көрші Ресей Федерациясы аумағында бұғатталғаны белгілі болды.
Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz басылымына хабарлағандай, аталған факті бойынша, қазіргі таңда тексеріс жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, "Қытайдың құрылғысы" бар кептерлер қазақстандықтарды шошытты.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836420-nr-sltanda-pornokasting-studiasy-zajly-akparat-tekserilude-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.