Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде науқастар аурухана төсегіне картон төсеп жатуға мәжбүр болған (фото)

Опубликовано:

Семейде аурухананың бірінде төсек-орындарының әбден тозығы жеткен. Ем алып жатқан науқастар матрастың астына картон қағаз төсеуге мәжбүр болғандарын айтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Кадр КТК арнасы
Кадр КТК арнасы: Depositphotos

"Мұндағы кереуетте жатып ұйықтау мүмкін емес. Міне, осындай "лайфхак" – темірлері жамбасымызға батпасын деп ойлап таптық. Матрастары жұп-жұқа" деген қала тұрғының назы айтылған видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Роликте Семей ауруханасындағы тозығы жеткен темір төсек көрсетіледі.

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта аталған видео ел арасында қызу талқыға түсуде.

Желі оқырмандарының бірі ауруханаға түскенде өзімен бірге төсек-орнын апаратынын, енді бірі қаладағы медициналық мекемелердің төсектерін "жаңарту керек" екенін жазған.

Кадр КТК арнасы
Кадр КТК арнасы: Depositphotos

Осы мәселеге байланысты жергілікті денсаулық сақтау мамандары жазбаша жауап қайтарған.

Дәрігерлер темір кереуеттердің екі жылдай бұрын жаңартылғанын айтқан.

"Атап өтейік, бұл – бір жарым жыл ішіндегі бірінші шағым. Төсеніш мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сай алынды және де биыл ішінара жаңалау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, мәселе науқастармен ашық әңгімелесу арқылы шешілді. Олардың ем-дом жүргізетін қызметкерлерге тағар міні жоқ", - деді Семей қалалық №2 ауруханасының бас дәрігері Ержан Шәмшин.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтау тұрғынының қаладағы перинаталдық орталықтың ішіндегі нашар жағдайға шағымданғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836548-semejde-naukastar-auruhana-tsegine-karton-tsep-zatuga-mzbr-bolgan-foto/

pixel