Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаулық атышулы хирург 14 жастағы қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шықты (фото)

Опубликовано:

Ақтауда белгілі хирург Насухан Отарғазиев 14 жастағы мүмкіндігі шектеулі қызға күрделі ота жасап, ішегінен бір тұлым шаш пен ине алып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/azamat.sarsenbaev
Фото: facebook.com/azamat.sarsenbaev: Twitter

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде Азамат Сәрсенбаев есімді қолданушы хабарлаған.

Оның айтуынша, 15 қаңтар күні кешке Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында дәрігер Насухан Отарғазиев 14 жастағы мүгедек қызға шұғыл түрде ота жасап, науқастың өмірін аман сақтап қалған.

Сәрсенбаевтың жазуынша, 14 жастағы науқас балалар ауруханасына ішінің қатты ауыратынына шағым айтып, ауыр жағдайда түскен. Дәрігер ішкі ағзасына рентген жасағаннан кейін бөтен затты тапқан.

"Отарғазиевтың шұғыл араласуының арқасында ота жасау барысында қыздың ішегінен бір тұлым шаш пен ине сәтті алынды. Ота жасалғаннан кейінгі кезеңде асқыну болған жоқ. Дәрігердің айтуынша, бала қанағаттанарлық жағдайда", - дейді Сәрсенбаев.
Бейнебақылау камерасының видеосынан кадр. Фото: deskgram.net/horkabusai
Бейнебақылау камерасының видеосынан кадр. Фото: deskgram.net/horkabusai: UGC

Еске сала кетсек, өткен жылы Насухан Отарғазиев медициналық мекемеге келген науқастың бірімен жанжалдасқаны үшін бір тәулікке қамалған еді.

Денсаулық сақтау министрі соттың бұл шешімін әділ емес деп санаған. Кейінірек хирург өзінің қамалуына қатысты пікір білдірген. Ол болған жағдайдан қатты есеңгіреп, адамдарға көмектесіп, еңбек етуге құлшынысы жоғалғанын мәлімдеген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836563-aktauda-basy-dauga-kalgan-hirurg-14-zastagy-kyzdy-iseginen-bir-tlym-sas-pen-ine-alyp-sykty-foto/

pixel