jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Дәрігерлер дабыл қақты: Минералды су адам денсаулығына кері әсерін тигізе ме

: Facebook

Минералды сулар кейбір дерттерді емдеуге көмектескенімен, кей жағдайда денсаулығыңызға зиян келтіріп, жаңа ауру тудыруы мүмкін деп хабарлайды

KAZ.NUR.KZ

РИА Новостиге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Дәрігер-диетолог Елена Соломатинаның айтуынша, минералды сулар асханалық, емдік және емдік-асханалық болып бөлінеді. Оларда тұз концентрациясының деңгейіне байланысты бір-бірінен айырмашылықтар бар.

"Суларда әртүрлі минерализация бар. Мысалы, емдіктерде қатты, онда литріне он граммға дейін тұз бар. Емдік-асханалықта үш граммнан он граммға дейін, ал асханалық бір литр суда үш граммнан аспайтын ерітілген тұз бар", - деді дәрігер Соломатина.

Оның сөзінше, ас суын тәулігіне екі литрге дейін іше беруге болады. Одан шай, кофе қайнатып, ас әзірлеуге де рұқсат.

Ал емдік минералды суды медициналық көрсеткіштерге сәйкес ішу керек. Дәрігердің айтуынша, аталмыш су түрін ішек, асқазан асты, бауыр, зәр шығару жолдары және күйік сынды ауру түрлеріне жазып береді.

Диетологтың айтуынша, емдік минералды суды дәрігердің рұқсатынсыз ішуге болмайды.

"Кальцийге бай суды жөнсіз ішу бүйрек тастарының пайда болуына әкелуі мүмкін", - деп ескертті дәрігер.

Маманның сөзінше, емдік минералды суды шамадан артық қолданған жағдайда қандағы кальций мөлшері - гиперкальцемия артады. Ол қанның ұюын күшейтіп, нәтижесінде ұйысқан қан пайда болады. Ал бұл инфаркт пен инсульттің қаупін арттырады.

Еске сала кетсек, Украинада ырымшыл дәрігер алдымен әйел науқасты қабылдаудан бас тартып, кабинетіне бірінші ер адамды кіргізген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Дәрігерлер дабыл қақты: Минералды су адам денсаулығына кері әсерін тигізе ме

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.