"Жеңгем ауылда тұрмаймын деді": Ағасынан алыстап кеткен ару өкпе-ренішін жеткізді
Жарияланған күні:
Бойжеткен өзінің туған буыры үйленгеннен кейін ата-анасымен араласпай кеткенін сөз етті. Айтуынша, ер адам сүйіктісі үшін ауылдан қалаға көшіп, ата-анасын үш жыл іздемеген. Олар тіпті, балаларын ата-әжесіне көрсетпеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ару бұл туралы Instagram-дағы zhenskaya_blogika парақшасында жазды.
"Отбасымызда үшеуміз. Үлкен бауырым, әпкем және мен. Ата-анамыз бізден ештеңе аяған жоқ. Әсіресе бауырымыздың бар жағдайын жасады. Оқытып, тоқытып, жұмысына орналастырды. Үш жыл бұрын бір қызбен кездесіп жүре бастады. Сол сәттен бастап бізді ұмытты.
Сүйіктісін сыйлықтардың астында қалдырып, тіпті, шетелге де апарды. Бірде ата-анамыздың үйін сатып, қаладан үй алу туралы ұсыныс айтты. Себебі қызы үйленгеннен кейін ауылда тұрмаймын деп шешіпті. Сол үшін жиі ұрсысатынбыз. Бауырым қызына істегеннің 10%-ын да ата-анасына істей алмайтыны үшін оған қатты ренжідім", - дейді ару.
Бойжеткеннің сөзінше, әкесі несие алып, баласын үйлендірген. Алайда ол өз кезегінде ата-анасымен бір күн де тұрмай, қалаға көшіп кеткен. Сол күйі ата-анасына хабарласпай, халін де сұрамапты.
"Әкем оны үйлендіру үшін несие алды. Ал олар ата-анаммен тіпті, бір күн де тұрмай, қалаға кетіп қалды. Әке-шешем келіні мен немерелерінің қызығын көрген жоқ. Жеңгемді бір рет қана көрдім. Ал бауырымды көрмегеніме үш жылдың жүзі болды. Ата-анам жақсы адамдар. Олар бауырымды қатты сағынады. Әпкем екеуіміз олардың көңілін аулауға тырысамыз. Дегенмен бауырымыздың орнын баса алмаймыз-ау. Не істерімді білмеймін", - деп ағынан жарылды кейіпкер.
Естеріңізге сала кетейік, жігіті пәктігінен айырған ару адам шошырлық халге түсіп кеткенін жазған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836867-zegem-auylda-trmajmyn-dedi-agasynan-alystap-ketken-aru-kpe-renisin-zetkizdi/