Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бала күтушінің бір жарым жастағы сәбиді ұрған сәті камераға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

Алматыда бала күтуші бір жарым жасар сәбиді ұрды деп күдікке ілінді. Нәрестенің ата-анасы көршілерден үйде болмаған уақытта баласының жылайтынын біліп, пәтерге жасырын камера орнатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото:pixabay.com
Көрнекі фото:pixabay.com: Depositphotos

Видео Facebook желісіндегі "Не молчи" тобында жарияланды.

Sputnik Қазақстан басылымына берген сұқбатында сәбидің әкесі Жомарт Исабаев оқиғаның қалай өрбігенін баяндап берген.

"15 қаңтар күні сағат тоғызда анасы жұмысқа шығып кетті, ал 9:20-да ол (ред - күтуші) баланы ұра бастады. Мен үйге келіп, не болғанын және баланы неге ұрып жатқанын сұрадым. Күтуші ештеңе деместен кетіп қалды. Әйелім алғашқыда оны аяп, қазбалағысы келмеді. Бірақ бейнежазбаны көрген соң полицияға хабарлау керектігін айтты. Учаскелік инспектор келіп, арызды қабылдады", - дейді ол.

Біраз уақыт тәртіп сақшыларынан жасырынып жүрген бала күтушіні Әуезов ауданының учаскелік инспекторы тауып, полиция бөліміне жеткізген және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оған қатысты материал жинастырған.

Бірақ әкімшілік соттағылар полиция қызметкері күтушінің әрекетін "қате бағалаған" деп есептеп, құжаттарды кері қайтарып жіберіпті.

Ал Жомарт Исабаев баласының жарақаты туралы да айтып берді.

"Бала өте ауыр психологиялық жарақат алды. Ол әке-шешесінен басқа ешкімге жақындамайды. Сол себепті біз сараптамадан бас тарттық. Қалалық балалар ауруханасында баланың басында ісік және қанды ісік бар екені анықталды. Олар желке тұсындағы жұмсақ тіндерге жарақат келгенін айтты", - дейді нәрестенің әкесі.

Ер адам жұбайы екеуі күтушіні қылмыстық жауапкершілікке тартуды мақсат етіп отырмағанын да айта кетті.

Ерлі-зайыптылар үшін күтушінің бұндай әрекет басқа балалардың зардап шекпегені маңызды екендігі белгілі болды.

Еске сала кетейік, жазда Алматыдағы балабақшалардың бірінде әйел адам баланы ұрлап әкетпекші болған. Бақылау камерасына түсірілген видеода басына қалпақ киіп, қара көзілдірік таққан келіншектің сәбиді алып кетуге тырысып жатқаны көрінеді.

Аталған балабақша меңгерушісі Наталья Карасева Саягүл Жаналықтың айлығы басқа әріптестерімен салыстырғанда едәуір жоғары болғанын мәлімдеді.

Ал әйел адам өзінің іс-әрекетіне өкінетінін айтып, баланың ата-анасынан кешірім сұраған. Соған қарамастан күдікті 6 жылға темір торға тоғытылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836959-almatyda-bala-ktusini-bir-zarym-zastagy-sbidi-rgan-sti-kameraga-tsip-kaldy-video/

pixel