jitsu gif

"Ұятсыз хаттар жазған": Күйеуінің опасыздығы ашылған әйел есінен тана жаздады

: UGC

22 жастағы екі баланың анасы күйеуінің жақын досының әйелімен сөйлесіп жүргеніне көз жеткенін айтып, сырын ақтарды. Жұбайы мен өзгенің келіншегі бір-біріне жалаңаш суреттерін жіберіп отырғанын білген келіншек өзін қоярға жер таппады деп жазады KAZ.NUR.KZ Алаш айнасы басылымына сілтеме жасап.

"Досымыздың әйелімен жазысқан": 22 жастағы келіншек күйеуінің опасыздығына шамданды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Келіншектің сөзінше, жұбайы жұмыстан келе сала ұялы телефонынан көз алмай, әлдебіреумен желіде жазысып отырады екен.

"Жасым 22-де. Тұрмыстамын, 2 қызым бар. Күйеуімнің де мінезі жайлы. Жұмысы да, табысы да жақсы. Алайда жұмыстан келген соң телефоннан көзін алай, ватсаптан шықпайды.

Кейін тексеретінді шығардым. Сосын телефонына кілт қойып тастады. ”Мақұл“ деп үндемей жүрдім. Қолайлы сәтті күттім десе де болады.

Бір күні кодын көріп қойдым. Ол менің көргенімді байқамай қалды. Сол күні жұмыстан шаршап келген. Түнде тұрып, телефонын тексеріп көрдім", - деп жазды кейіпкер.

Күйеуінің телефонындағы кілт сөзді ашып, хаттарын оқыған ол есінен тана жаздағанын сөз етті.

Оның айтуынша, жан жары өзгенің жұбайына ашық суреттерін жіберіп, ұятсыз хабарламалар жазған.

"Сөйтсем, өзіміздің досымыздың әйелімен сөйлесіп жүр екен. Бір-біріне жалаңаш түскен суреттерін жіберіп, ашық әңгімелесіп жүріпті. Олардың бір-біріне жазғандарын көргенде естен танғандай болдым.
Екеуінен ондай сатқындықты күтпегем. Басқа емес, араласып жүрген құрбымнан ондай шығады деп ойламаппын. Енді не істерімді білмей отырмын", - деп ағынан жарылды жас келіншек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

"Ұятсыз хаттар жазған": Күйеуінің опасыздығы ашылған әйел есінен тана жаздады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.