Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы ғашығы үш жасар ұлын аяусыз өлтірген әйел мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қарағандыда үш жастағы бүлдіршінді ұрлап, кейінірек тұншықтырып өлтірген күдіктінің соты өтті. Құзырлы орган айыпталушы Игентай Сопыжановты кінәлі деп үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр: Евразия бірінші арнасы
Видеодан кадр: Евразия бірінші арнасы: UGC

Күдікті сот үкіміне сәйкес, өмір бойына бас бостандығын айырылды.

Сондай-ақ, сот Сопыжановты жәбірленуші Васильеваға 5 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді.

Қарағанды қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотының судьясы айыпталушының қоғам үшін қауіпті адам екенін мәлімдеді.

Ол Сопыжановтың осыған дейін екі рет өзіне қол жұмсағанын, үшінші рет қайталанбас үшін сот отырысында күдіктіні күзетшілер ұстап тұрғанын растады.

Ал Ника Васильева баласын өлтірген бұрынғы жігітіне қандай жаза беру керектігін айтты.

"Анам екеуміз оған ату жазасын беру керек деп ойлағанбыз. Бірақ бұл ол үшін өте жеңіл жаза болар еді. Біз жай ғана залал келтірмеу туралы талап қойдық. Ол жай отырмауы керек. Ол жай ғана мемлекет есебінен, ішіп-жеп, ұйықтамау керек. Ол жұмыс істесін", - деді ол.

Айта кетейік, алқабилер соты үш жасар баланы ұрлап, аяусыз өлтірді деп күдіктелген Сопыжановты өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Сопыжанов Ника Васильевананың туған әпкесін өлтіргені үшін колониядан мерзімінен бұрын шыққан еді. Ол түрмедегі екі жыл және бір күн жазасын өтемеген. Сот оның жазасын бас бостандығын шектеу жазасына алмастырды.

Өткен жылдың қыркүйек айында Сопыжанов пен Ника Васильева көшеде жанжалдасып қалған. Нәтижесінде ер адам әйелдің қолындағы үш жасар ұлын тартып алып, қашып кетіпті.

Қаскөй мен баланы әскерилер, еріктілер мен полиция бірнеше күнге жуық іздестірді.

Полиция Максим Гарифулиннің жансыз денесін 8 қыркүйек күні таңертең анықтады. Қанішер оны аяусыз тұншықтырып, өлтірген.

Сопыжанов қыркүйектің 8-інен 9-ына қараған түні вокзалда ұсталды.

Сот залында ол алдымен кеңсе қаламымен, содан кейін тырнағымен өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837275-bryngy-gasygy-s-zasar-lyn-aausyz-ltirgen-jel-mlimdeme-zasady/

pixel