Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың жұғу жолдары туралы тағы бір ақпарат белгілі болды

Жарияланған күні:

Қытай мамандарынан жаңа хабарлама: коронавирус 2019-nCoV деп аталатын пневмонияның жаңа түрі көздің шырышты қабаты арқылы жұғуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Вирустың адамнан адамға жұғу жолдары туралы жаңа ақпарат қытай дәрігері Ван Гуангфаның әңгімесінен соң пайда болды.

Дәрігер БАҚ-қа науқастармен жұмыс барысында барлық сақтық шараларын жасағанын, алайда көзіне қорғаныш көзілдірігін кимей, көзін ашық қалдырғанын айтқан деп жазады Daily Mail.

Ван Гуанфаның сөзінше, оған инфекция көздің шырышты қабаты арқылы жұққан болуы мүмкін.

Қытайдағы және өзге елдегі вирусологтар әріптесінің сөзі шын болуы мүмкін деп отыр. Өйткені көздің шырышты қабаты арқылы тұмаудың ең қарапайым түрі де жұғады.

Ашылып жатқан жаңа деректерге байланысты сарапшылар адамдарды сақтық шараларын сақтауға шақырады. Яғни, бетіңізге тиіспес бұрын, қолды дезинфекциялау керек.

Ал дәрігерлерге коронавирус жұқтырған науқастармен жұмыс істеу кезінде жеке қорғануды ұмытпауға кеңес берілді.

Еске сала кетейік, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекаралардың жабылғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, аталмыш вирустан Қытайда 80 адамның көз жұмғаны хабарланды.

Одан бөлек, Қытайдағы қазақстандық студенттер биліктен өздерін елге әкетуді сұрап жатқаны айтылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838011-koronavirus-zgu-zoldary-turaly-tagy-bir-akparat-belgili-boldy/