Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 80 адамға жетті
Жарияланған күні:
Өткен тәулікте Қытайда "өлім вирусынан" қаза тапқандар саны сексен адамға жетті. Жалпы, қазіргі уақытта коронавирусты жұқтырған 2794 жағдай тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Интерфакс басылымының дерегінше, соңғы тәулік ішінде аталған вирустан 24 адам көз жұмды.
Олардың барлығы коронавирус тарала бастаған Ухань әкімшілік орталығында қайтыс болған.
Жалпы, дүйсенбіге қараған түні Аспан асты елінде "өлім вирусын" жұқтырған 2 794 жағдай тіркелген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдың патогендік микроорганизмдерді сақтау ұлттық ұйымы коронавирустың электронды микроскоп көмегімен жасалған алғашқы суретін жариялады.
Айта кету керек, Қазақстанда қауіпті инфекция оқиғалары болған жоқ.
Кеше, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.
Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.
Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекаралардың жабылғанын мәлімдеді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1837928-kytajda-koronavirustan-kz-zmgandar-sany-80-adamga-zetti/