Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Боранға байланысты жұмысқа бармаған қазақстандықтар не істеу керек

Опубликовано:

Елордада боранға байланысты жұмысына бара алмағандар "Қазгидрометтен" ауа райының қолайсыздығы туралы анықтама алып, басшылығына көрсетуіне болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Бүгіннен бастап қалада төтенше жағдай режимі енгізілгенін ұмытпауымыз керек. "Қазгидрометтен" дабылды ескерту болған кезде мекемеден ауа райының нашарлағаны туралы анықтама сұратуға болады. Кез келген азамат ол анықтаманы алып, басшылығына көрсете алады", - деп түсіндірді Сыздықов.

Ол азаматтар өз еркімен жұмыстан қала алмайтынын атап өтті. Бірақ мұндай шешімді ТЖД қабылдауы мүмкін.

"Бүгін түнгі сағат екіде біз жұмыс күнін қысқарту қажеттігі туралы ақпарат тараттық. Сондықтан азаматтардың заңды негізі болды", - деп түйіндеді сөзін Сыздықов.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда 27 қаңтардан бастап қар мен боранға байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.

"Біз бүгінгі күннен бастап, Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай режимі енгізілгенін растаймыз", - деді әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева.

Оның айтуынша, төтенше жағдай режимін ұзарту туралы шешім кешке және ертең таңертең болатын ауа-райына байланысты қабылданады.

"Егер ауа райы осылай болып тұрса, ертең де төтенше жағдай режимі болады. Төтенше жағдай режимі жабылған кезде біз хабар беретін боламыз", - деді ол.

Биліктегілер жұмыс берушілерге жұмыс күнін қысқартуға кеңес берген. Алайда шұғыл және коммуналдық қызметтегілер күшейтілген режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838067-boranga-bajlanysty-zmyska-barmagan-kazakstandyktar-ne-isteu-kerek/

pixel