Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мәселені ушықтырмауды сұраймыз": СІМ коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Қытайда тараған коронавирустың жаңа түрін жұқтырған пациенттердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді. Ведомство қазір ол жақтағы отандастарымыздың нақты санын анықтап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

СІМ таратқан хабарламаға сәйкес қазіргі таңда Қазақстан азаматтары Қытайдың ондаған қалаларында жүр. Олардың көпшілігі түрлі себептермен консулдыққа тіркелмейді екен.

"Қазақстан Сыртқы істер министрлігі еліміздің Бейжіңдегі елшілігі арқылы Қытайдың мемлекеттік органдарымен бірлесіп, ҚХР-дағы Қазақстан азаматтарының нақты санын анықтап жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

СІМ қазір тек Қазақстан ғана емес, әлемнің басқа елдерінің де өз азаматтарын эвакуациялау мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті.

"Ухан қаласына карантин енгізілуіне байланысты қоғамдық көліктер мен халықаралық автобус, теміржол және әуе қатынасы тоқтатылды. Оқиға айналасында мәселені ушықтырмауды сұраймыз. Еліміздің үкіметі вирустың Қазақстан аумағына енуін шектеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр", - дейді министрлік өз хабарламасында.

Қытайдағы Қазақстан елшілігінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылғы 27 қаңтардағы жағдай бойынша, ҚХР аумағында анықталған коронавирустың жаңа түрінен жұқтырған пациенттердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

"Қытайдың Денсаулық сақтау органдары да осы вирустың ҚХР-дан тыс жерлерге кеңінен таралуын болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдауда. Қосымша қабылданатын шаралар туралы дер кезінде жариялап отырамыз. Қазіргі уақытта үкіметте өткен кеңесте біздің азаматтарымыздың эпидемиологиялық қауіп-қатерлерді жойғанша ҚХР-ға шығуын шектеу туралы берілген ұсынымдарын қайта атап өткіміз келеді және карантин себебінен жергілікті билік тарапынан оқшауланбаған қалалардағы азаматтарға отанына оралу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз", - деп атап өтті ведомство.

Қазақпараттың жазуынша, Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігі мен Шанхай және Гонконг қалаларындағы бас консулдықтардың ҚХР азаматтары үшін визалар беру жұмысы штаттық режимде жүргізілуде.

Шектеу Қазақстан арқылы транзитпен ұшатын Қытай азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз режимге ғана қатысты болмақ.

Еске сала кетейік, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекаралардың жабылғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838089-mseleni-usyktyrmaudy-srajmyz-sim-koronaviruska-katysty-mlimdeme-zasady/