jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Пәктігімді сыйладым": Екі жігітпен қатар жүрген бойжеткен желіде мұңын шақты

: UGC

Екі жігітті кездестіріп, тығырыққа тірелген ару көпшіліктен кеңес сұрады. Айтуынша, ер азаматтардың бірі оның сыртынан басқа қыздармен сөйлессе, енді бірі керісінше, арудың көңілін жаулауды мақсат етіпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Пәктігімді сыйладым": Екі жігітпен қатар жүрген бойжеткен желіде мұңын шақты
Көрнекі фото: cyberway.golos.io сайтынан алынды: UGC

Бұл туралы ол Instagram-дағы astana__forum парақшасында жазды.

"Өмірімде екі жігіт бар. Біреуін жақсы көремін, әлде мүмкін жай ғана бауыр басып қалған болармын. Ол басқа қыздармен сөйлескенді қатты ұнатады, тіпті, бұрынғы сүйіктілерімен де дос ретінде араласып жүр. Десе де, оны тастап кете алмаймын, себебі оған пәктігімді сыйладым. Алайда ондай адаммен мені жарқын болашақ күтіп тұр деп ойламаймын", - деді бойжеткен.

Сылқымның сөзінше, екінші жігіт оның көңілін үнемі табуға тырысады екен. Ол тіпті, бойжеткенге үйленгісі келетінін де айтыпты. Алайда кейіпкер оған деген сезімінің жоқ екенін сөз етті.

"Екінші жігіт мені сыйлайды. Маған үйленгісі келіп, ата-анасымен таныстырғысы келетінін айтты. Оған қосылсам өмірім тұрақтанатынын білемін. Алайда сезім жоқ. Кейде тіпті, ашуыма тиіп кетеді. Оны шын сүймегендіктен болашақта бәрі ушығып кетер ме деп сескенемін. Оған қоса анасы да оған бала секілді қарайды. Ал маған анасының баласы болып жүретін ер адамдар ұнамайды", - деп ағынан жарылды ару.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіге хат жолдаған келіншек құрбысы мен оның күйеуі жайлы сөз етті.

Айтуынша, құрбысының жан жары оған жылдар бойы опасыздық жасап жүр екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

"Пәктігімді сыйладым": Екі жігітпен қатар жүрген бойжеткен желіде мұңын шақты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.