Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Мишустин Еуразиялық экономикалық одақты "қайта бастау үшін" елге келеді

Жарияланған күні:

Ресейдің жаңадан тағайындалған премьер-министрі Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Сапар ертең, 31 қаңтарға жоспарланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Михаил Мишустин. Фото: Dmitry Astakhov/TASS via Getty Images
Михаил Мишустин. Фото: Dmitry Astakhov/TASS via Getty Images: Twitter

Саясаткердің Қазақстанға сапары оның ішкі экономикалық байланыстарына ғана емес, сондай-ақ сыртқы қатынастарын жақсарту үшін жұмыс істеуді жоспарлаудың айқын дәлелі бола алады. Бұл туралы News.ru порталы хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, кездесудің басты тақырыбы ЕЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын есептеуге арналу болуы мүмкін. Сондай-ақ алқа мүшелері елдің одан әрі интеграциясын талқылайды деп күтілуде.

Айта кету керек, бұл тақырып Ресей басшысы Владимир Путиннің тікелей желісі кезінде де көтерілген.

Ресейлік БАҚ беттері Мишустиннің осыған дейін еуразиялық экономикалық интеграция шеңберіндегі басымдықтар тақырыбында кездесу өткізгенін жазды.

Қазіргі уақытта Кеңес құрамына Армения, Белоруссия, Қазақстан және Қырғызстан кіреді. Байқаушы ел болып - Молдавия танылған. Оған Өзбекстан жақында қосылуы ықтимал.

Ресей Федерациясының Ұлттық стратегия институтының халықаралық жобалар жөніндегі директоры Юрий Солозобов жағдайға қатысты Мишустиннің міндеті ЕЭО мүше елдерінің ынтымақтастығын "қайта жандандыру" екенін алға тартты. Оның сөзінше, Дмитрий Медведевтің қолынан бұны орындау келмеген.

Сарапшы шешуді қажет ететін мәселелердің бірі деп "тауарларды әкелу кезіндегі фитосанитарлық бақылауды" көрсетті.

Солозобовтың пайымдауынша, аталған мәселе үлкен саясат тұрғысынан маңызды емес.

Алайда, бұл тақырып белгілі бір тыйым салулардан зардап шеккен қарапайым азаматтар үшін өзекті.

Еске сала кетсек, Ресей Федерациясының конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобы бірқатар түзетулерді, оның ішінде президент лауазымын "жоғарғы билеуші" деп өзгерту туралы бастаманы ұсынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838553-bak-misustin-eurazialyk-ekonomikalyk-odakty-kajta-bastau-sin-elge-keledi/