Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатерлі ісіктен құлан-таза айыққан қазақ ақыны жайлы не білеміз

Опубликовано:

Қызылорда қаласының тумасы, белгілі ақын Асылзат Арыстанбек ми қабатындағы қатерлі ісікті жеңіп шыққан жандардың бірі. Ол қайсарлығы мен өмірге деген құлшынысының арқасында бүгінде бойындағы аурудан құлан-таза айыққан. Осы орайда KAZ.NUR.KZ el.kz сайтына сілтеме жасап, ақынның қатерлі дертті қалай күрескенін баяндайды.

Фото: Жеке мұрағаттан/ el.kz
Фото: Жеке мұрағаттан/ el.kz: Facebook

Асылзат Арыстанбек обыр ауруына шалдыққанын 2008 жылы білген. Осыдан кейін оның өмір мен шығармашылыққа жақын жаны құлази бастаған.

"Еңсемді көтере алмай, кейде өмірім осылай қысқа бола ма деп те кейідім. Осы кездері бұл кеселден көзімнің көруі нашарлап, бойымды біртіндеп әлсіздік билей бастады. Өйткені бұған дейін менде бірнеше рет жүрек, талма аурулары болып тұрған. Сондықтан өте ауыр қабылдадым... Әрі сол кездері жасым 30-дан енді асқан еді...", - дейді ол.

Ақ халатты дәрігерлер Асылзат ханмыға ота жасауға болмайтынын айтып, түсіндіреді. Ал айығудан үмітін үзбеген ақынға ісікті қалыпты жағдайда ұстап тұратын арнайы препараттар салады. Соның көмегімен ол газеттегі қызметін жалғастырады.

Бірақ, тура бес жылдан кейін жұмыстан өз еркімен шығуға тура келеді. Себебі ауруы дендеп, шашы да біртіндеп түсе бастайды.

"Алдағы бес жыл бойы жұмыссыз үйде отырған кездері өз-өзіме мүлдем ұқсамай кеттім. Тіпті, мұны қасымдағы адамдар да байқап, айта бастады. Бір сөзбен айтқанда, төсектен тұрғым келмейтін, селқос, ашуланшақ, ауыр науқастың образындағы адам кейпінде болдым.
Ал 2015 жылы дәрігерлер ісікті тоқтататын дәрілерді қабылдасам да, "басымдағы ісіктің үлкейіп бара жатқанын айтып, химия жасап көрейік" деді. Жанұшыра дәрігерлердің қарауынан өтіп жүргенде аяғымның ауыр екенін білдім. Дереу "УЗИ-ге түсіп, оның қыз бала екенін біліп, тіпті басты ұмытып кеттім. Өзім қос ұлдың анасы болғандықтан қызды аңсап жүргенмін.
Алайда 9 ай бойы дәрігерлер "ол бала кеміс болып тууылуы мүмкін. Сондықтан бас тартқаныңыз жөн" деген кеңестерін айтып, үгіттеген болатын. Соған қарамастан химиядан бас тартып, сараптама туралы ешкімге тіс жармай, қызымды өте ауыр жағдайда дүниеге әкелдім. Өйткені егер айтсам, "босанба" деп айтатындардың көп болуы сөзсіз еді. Аллаға шүкір, қазір Нұрай есімді сол қызымның 12 мүшесі сау. Қазір өте өжет әрі қайсар қыз болып өсіп келе жатыр", - деп күлді Асылзат Арыстанбек.

Ал Нұрай алты айдан асқанда анасы қайтадан әлсірей бастайды. Естен тану, мұрыннан қан кету сынды белгілер білінеді. Тіпті, иммунитеті төмендегенін білген ол балаларын ата-әжесіне апарып, онкологиялық ауруханаға қаралуға келеді. Мұнда сараптамадан өткенде дерті үшінші кезеңнің бел ортасында болғанын біледі. Сондықтан бір ай бойы аурухана төсегіне жатып, ем-дом қабылдайды.

"Сол кездері маған дәрігерлер тарапынан теледидар, телефон жалпы электр құрылғыларына жақындауға тыйым салынған. Соған қарамастан осы дерттен айыққан адамдар бар екенін білу үшін интернеттен ақпарат іздей бастадым. Сөйтіп жүргенде, бір күні америкалық жазушы, психолог Луйза Хейдің кітабы қолыма тиді.
Бұл психолог қатерлі жатыр ісігінен ойша жаттығулар арқылы небәрі үш айда айығып кеткенін білдім де, бірден маған да неге солай істемеске деген ой келді? Содан жетінші химиядан кейін қолхат жазып, ауруханадан шықтым. Бірақ біз елордада пәтер жалдап тұрғандықтан, бірден ауылға көшіп кеттік", - деп баяндады ақын.

Асылзат ханым Қызылорда облысы Сырдария ауданы маңындағы ауылда тұратын  ата-енесінің қолына келеді. Мұнда келген бойда үш айға арналған бағдарлама жасап, сол бойынша күнделікті ойша жаттығулар жасауға кіріседі. Өйткені кеселден айығу үшін жасалған қайта-қайта тексеріліс, аурухана табалдырығын тоздыру, үздіксіз түрлі препараттарлы қабылдау сынды сәттерді психологиялық тұрғыдан жеңуді мақсат етеді. 

Бірақ, сол кездері өзінің осы жаттығуларды дертінен айығу үшін жасап жүргенін  ешкімге тіс жарып айтпаған.

Тура үш айдан кейін сараптамадан өту үшін елордадағы онкологиялық орталыққа аттанады. Мұнда барлық тексерілістен өткен соң, дәрігерлер "ісіктің орны да қалған жоқ" деген қуанышты хабарды жеткізеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін әйгілі актер Уилл Смит дәрігерлер медициналық тексеріс кезінде өзінен қатерлі ісік алдындағы полипті анықтағанын хабарлаған еді.

Осыдан кейін актер полипті алып тастау үшін жедел ота жасатқан. Уилл Смит бұл жаңалықтың өзін қатты таңырқатқанын да айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838662-katerli-isikten-klan-taza-ajykkan-kazak-akyny-zajly-ne-bilemiz/

pixel