Халықаралық іздеуде жүрген шымкенттік олиграхтың ұлы полицияға өзі келді
Жарияланған күні:
Миллиондаған ақша жымқырды деген айыппен халықаралық іздеуде жүрген Халықты жұмыспен қамту орталығының бұрынғы басшысы Асылжан Жамалбеков полицияға өзі келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Халықаралық іздеу жарияланған Асылжан Жамалбеков өз кінәсін мойындады. Бұл жайында Шымкент тергеу соты хабарлады.
Осыған дейін Жамалбеков алаяқтық жасады, ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырып, басшылық етті деген күдікке ілінген болатын.
Алайда, қазір оған тағылған айып ҚР ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі "абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық" бойынша сараланып отыр.
Сот санкциясымен Жамалбековке қатысты үйде қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қабылданды. Енді ол сотты үйде отырып күтетін болады.
Айта кетейік, осыған дейін Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы болған Асылжан Жамалбеков ұйымдасқан топ құрып, мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке іліккен еді. 2018 жылы олигархтың ұлына халықаралық іздеу жарияланған.
Судья Асылжан Жамалбеков 437 млн теңгеден астам ақшаны жымқырды деп айыпталғанын хабарлаған.
Бұл жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтуға соңғы бірер жылда бағытталған қаражат болыпты. Алайда, Экономикалық тергеу қызметінің өкілдері анықтағанындай, шенеунік миллиондарды мақсатына жұмсамай, талан-таражға салған көрінеді.
"Қазіргі кезде оның бой тасалап жүргеніне байланысты кеше, 5 қаңтар күні тергеушінің халықаралық іздеу жариялау туралы ұсынысы қанағаттандырылып, Жамалбековке қатысты халықаралық іздеу жариялау туралы шешім қабылданды", - деген болатын Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы Еркін Отарбаев екі жыл бұрын.
Тергеу дерегіне сүйенсек, қаржылық құйтырқылықтарға экс-шенеуніктен бөлек тағы 14 адамның қатысы бар. Барлығы қамауда. Оның арасында полиция мен орталық қызметкерлері де бар.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838807-halykaralyk-izdeude-zrgen-symkenttik-oligrahty-ly-policiaga-zi-keldi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.