Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жағымсыз әдеттердің де бізге тигізер пайдасы барын білесіз бе

Опубликовано:

Әрбір адамның бойында жағымсыз әдеттер болады. Көпшілік алдында ыңғайсыз жағдайға қалдыратын мұндай әрекеттерден арылу кейде мүмкін емес. Дегенмен зиянды әдеттердің де бізге берер пайдасы бар деп жазады KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

Жағымсыз әдеттердің де бізге тигізер пайдасы барын білесіз бе
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Тынымсыздық

Көптеген адамдар жұмысына байланысты күндерін отырумен өткізеді. Ал күні бойы бүктелу организмге кері әсерін тигізіп, қан айналымын нашарлатады. Осы жағдайда тынымсыз адамдар көп қимылдауының арқасында денедегі қан айналымын қалпында ұстап отыра алады.

Кофеге деген құштарлық

Күніне бір шыныаяқ табиғи кофе ішсеңіз, Альцгеймер ауруының алдын алуға болады.

Жалқаулық

Ғалымдардың пайымынша, жалқаулық организмді артық жүктен сақтауға көмектеседі. Яғни, адамның еріншектігі ұстап қалса, онда организмде демалып, әрі қарай басқа жұмыстарға энергияны сақтауға болады.

Боғауыз сөздер

Ғалымдардың көлік жүргізушілерімен жүргізген зерттеуіне сәйкес, бейәдеп сөздердің арқасында жүргізушілер физикалық түрде күш жұмсамайды. Дәлірек айтсақ, боғауыздың арқасында организмге қажетті қуат беріліп, жүргізушілер тезірек сабырға келеді екен.

Төсекте жатып тамақтану

Тамақтану кезінде босаңсыған күйде болсаңыз әртүрлі жүйке жұқартатын жағдайларды оңай еңсеруге болады. Олай болмаған кезде асыңыз дұрыс қорытылмай, асқазаныңызда қыжыл пайда болуы мүмкін. Төсекте жеген тамақ организмге тез сіңіп, оны асқазан оңай қорытады.

Өсек-аяң

Адамды сыртынан сөз ету әрине этикаға жат. Дегенмен, психологтардың сөзінше, мұндай әдеттің де пайдасы бар. Тараған өсектің арқасында адамдар өзгенің қателігінен сабақ алады.

Алайда, жағымсыз әдеттердің де пайдасы бар екен деп, этикаға жат дүниелерден арылу үшін әрекет етуді тоқтатпаған абзал.

Еске сала кетсек, бұған дейін сіз бен біз ойлағандай аса маңызды емес алты дүниенің не екенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839102-zagymsyz-detterdi-de-bizge-tigizer-pajdasy-baryn-bilesiz-be/

pixel