jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Оралда еріген қар суы қала көшелерін басып қалды (фото)

    : Facebook

    БҚО-ның орталығында күннің бірден жылынуы қардың еріп кетуіне әкелді. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан көшелерді су басқан. Тәулік бойы басылмай тұрған жауын-шашын жағдайды қиындатып отыр деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ.

    Оралды еріген қардың суы басып қалды (фото)
    Орал. Фото: БҚО ТЖД: Facebook

    Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, еріген суды сору жұмыстары 3 ақпанда басталған.

    "Көше-жол желісінде еріген суды сорумен айналысып жатқан 40-тан астам техника бар. Мәселелі аудандар анықталды. Қала тұрғындарының шағымдары 109 анықтама қызметіне түсіп жатыр", - деді Орал әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі.
    оралдд
    Орал. Фото: БҚО ТЖД: UGC

    Төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, олардың қызметкерлері де суды сорғылау жұмыстарынан тысқары қалған жоқ.

    Коммуналдық қызметкерлерге өрт сөндіруге арналған арнайы қызметтік көліктер көмекке келуде.

    "БҚО ТЖД өрт бөлімінің қызметкерлері жұмысқа қосылды. Проблемалы аймақтарға мотор сорғылары қолданылуда", - деді БҚО ТЖД баспасөз-қызметі.
    оралдд
    Орал. Фото: БҚО ТЖД: UGC

    Травматологиялық пунктің хабарлауынша, оларға жарақат алған бірнеше науқас түскен. Адамдар тайғанақтап, жаяу жүргіншілер жолында құлаған.

    "Ауа райы нашар. Көшемен жүру мүмкін емес. Тайғақ, көк тайғақ, енді батпақ пайда болды", - деді Надежда Вавилова.

    "Қазгидрометтің" жергілікті филиалының мәліметінше, алдағы тәулікте өңірде қар аралас жаңбыр түріндегі жауын-шашын мен көк тайғақ күтілуде. 5 ақпанда -6 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

    оралдд
    Орал. Фото: БҚО ТЖД: UGC

    Еске сала кетсек, күні кеше синоптиктер 4-6 ақпанға болжам жасап, еліміздің кейбір өңірлерінде күн +15 градусқа дейін жылынатынын хабарлаған.

    Оралда еріген қар суы қала көшелерін басып қалды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.