jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Күйеуінің жан досын өзіне ессіз ғашық қылған әйел не істерін білмей, дал болды

: Facebook

Осыдан бес жыл бұрын тұрмыс құрған келіншектің бүгінде екі баласы бар. Қазір жанұя тату-тәтті әрі бақытты күндерін бастан кешуде. Бірақ отанасын алаңдатар бір мәселе бар. Ол - күйеуінің 10 жыл бойы бірге жүрген досының махаббаты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Келіншектің сөзінше, жарының құрдасы оған хат жазып, телефон соғады екен.

"Ғашықпын, ұмыта алмай жүрмін. Жан досыма дұшпан болдым, кездесейікші" деп маған жаза береді. Өзі алыста тұрады. Мені көру үшін үйге келеді екен.
Бірақ мен оған түсіндіріп, ешқандай сезімім жоқ екенін айттым. Себеп те бермегенмін, "хабарласпа, кешір" десем де, түсінбейді. Жолдасыма айтайын десем, 10 жыл бойы бірге жүрген досы екеуінің арасына сызат түсе ме деп қорқамын",- деп күйінді әйел Instagram желісіндегі "Әйел құпиясы" парақшасында.

Екі баланың анасы күйеуі сезіктене ме деген оймен нөмірді де қара тізімге қоса алмай жүр.

"Хабарласқанын көріп, жолдасым таң қалады. "Неге біреудің әйеліне хабарласады" дейді де, "Е, жарайды, досым ғой" деп басылады",- деп баяндады келіншек.

Айта кетейік, осыған дейін мектеп оқығанда жол апатына түсіп, ауыр жарақат алған 24 жастағы ару жан сырын ақтарды. Ақ халаттылардан "пәк емессің" деген сөзді естіген ол абыройын аяққа таптатпағанына сенімді. Бірақ ары таза болса да, ой шырмауына түскен бойжеткен жігітпен көңіл қосудан қорқып жүрген. Ақырында кездескен үш жігіті де шындықты білген соң үйленуден бас тартыпты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Күйеуінің жан досын өзіне ессіз ғашық қылған әйел не істерін білмей, дал болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.