Cерікбай қажы Ораздың бас муфти қызметінен не үшін кеткені белгілі болды
Жарияланған күні:
Бүгін, 7 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ Құрылтайында бас мүфти қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлы тағайындалды. Ал осы қызметті бұрын атқарған Серікбай Қажы Ораз денсаулығына байланысты өз еркімен лауазымын босатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Серікбай қажы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының IX құрылтайында отставкаға кеткенін жариялады.
Sputnik Қазақстан басылымының мәліметінше, оған денсаулық жағдайы себеп болған.
Серікбай қажы 2017 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып сайланды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Серікбай қажы Ораз Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынды.
Құрылтайға жиналған 300 делегат Серікбай қажы Ораздың ұсынған кандидатурасына бірауыздан дауыс беріп, қолдау көрсетіп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфтилікке сайлады.
Айта кетейік, Өтпенов Наурызбай Тағанұлы 1977 жылдың 13 наурызында дүниеге келген.
Білімі
1993-1997 жылдары Ташкенттегі "Имам Әл-Бұхари" атындағы Ислам институтында оқып жоғарғы діни білім алған.
1999-2001 жылдары ҚМДБ жанындағы Ислам институтын оқыған.
2009 жылы Мысыр Араб Республикасында қысқа мерзімде діни білімін жетілдірген.
2010 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің "Тарих" факультетін сырттай оқып бітіріп жоғарғы білім алған. 2011-2013 жылдары аталған университеттің "Дінтану" мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.
2017 жылдан бастап "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінде "Исламтану" мамандығы бойынша PhD докторантурасында оқуда.
Еңбек жолы:
1997-2006 жылдары Республикамыздың түрлі мешіттерінде имамдық қызметтерді атқарумен бастау алған.
2006-2011 жылдары ҚМДБ-ның Қарағанды өңіріндегі өкілі, Қарағанды қалалық №1 орталық мешітінің Бас имамы.
2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі басқармасының Бас сарапшысы.
2013-2018 жылдары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, "Нұр Астана" орталық мешітінің Бас имамы.
2018 жылдың шілде-қазан айлары ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы, Түркістан облысы бойынша өкілі имамы.
2018 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілі, Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы.
Еңбек жолындағы жетістіктері:
Наурызбай Тағанұлының тікелей жетекшілігімен 2002-2005 жылдары ШҚО, Аягөз қаласында орталық және "Жаңауыл" мешіттерінің құрылысы сәтті жүргізіліп, іске қосылған. 2010-2011 жылдары Қарағанды қаласындағы орталық мешіттің салынуына үлес қосқан. Қарағанды облысында "Сұлу әлем", "Нұрлы мінбер", "Жұлдызды гол" атты жобаларды іске асырған. Республикалық БАҚ беттерінде жарияланған көптеген діни, рухани-танымдық мақалалар мен "Үміт сәулесі", "Мазһабсызбен сұхбат" атты кітаптардың авторы.
Марапаттары:
"Құрмет" орденінің иегері, Аягөз ауданының құрметті азаматы, Қазақтан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы медалімен, Қазақтан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалімен, Қарағанды облысы әкімінің құрмет грамотасымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.
Жеке өмірі:
Отбасылы, 4 баланың әкесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839899-cerikbaj-kazy-orazdy-bas-mufti-kyzmetinen-ne-sin-ketkeni-belgili-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.