Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ауа райы 20 градусқа дейін жылынады

Опубликовано:

Синоптиктер аптаның соңғы үш күніне ауа райы болжамын жасады. Қазақстанның солтүстігінде боран, ал оңтүстігінде күн 20 градусқа дейін жылынады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ауа райы
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Алдағы үш күнде еліміздің әр аумағында ауа райы әртүрлі болады.

Мамандардың сөзінше, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде күн суытады деп болжануда.

Солтүстік өңір тұрғындары батыстан ығықан Черноморский циклонын сезініп, салдарынан боран мен қатты жел соғады. Сондай-ақ, қар қалың түседі деп күтілуде.

Батыс жақтан жылжыған дәл осы циклон шығыс облыстарға қарай да барады. Өңірлерде жауын-шашын, боран және қатты жел болады.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында жылы ауа райы сақталады. Демалыс күндері мұнда ауа температурасы 10-15 градусқа дейін нөлден жоғары болмақ. Ал оңтүстіктің өзінде күн 20 градусқа дейін жылынады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазгидромет мамандары 4-6 ақпан аралығында елімізде ауа райының жылынып, ауа температурасы 15 градусқа дейін көтерілетінінін мәлімдеген.

Дегенмен, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады. Екпіні күшті жел тұрып, көктайғақ болатыны хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839913-kazakstanda-aua-rajy-20-graduska-dejin-zylynady/

pixel