Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев: Құқыққа қайшы әрекет жасамағандар босатылатын болады (фото)

Опубликовано:

Жамбыл облысында жүрген премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында Сортөбе, Масанчи, Ауқатты және Қаракемер ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Кездесуге сонымен қатар парламент сенатының вице-спикері Бектас Бекназаров, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, парламент мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл қатысты. 

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Ауылдық тұрғындарымен кездесуде үкімет комиссиясының мүшелері құқықтық тәртіпті сақтау, келтірілген залалды қалпына келтіру, болған оқиғаның жай-жапсарын объективті анықтау, бірлік пен татулықты сақтау бойынша бұдан кейінгі шаралар, болашақта мұндай кикілжіңдерге жол бермеу шараларын қабылдау мәселелерін талқылады. 

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Сонымен қатар жергілікті тұрғындарды ұсталған азаматтардың тағдыры қызықтырды. 

"Құқыққа қайшы әрекет жасамағандар босатылатын болады. Тәртіпсіздікке қатысқандардың барлығы заң бойынша жауап береді. Қазір тергеу оперативтік тобы жұмыс істеп жатыр, ол барлық жағдайды анықтайтын болады", - деді вице-премьер.
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Сортөбеліктер ауылдастарын сабыр мен тәртіпті сақтауға шақырды. 

"ҚР заңдары бар, құқық қорғау органдары бар - мұны басты назарға алу керек. Не болғанына объективті сараптау жасап, не болғанын, кім кінәлі екенін анықтау керек. Біз өз бетімен жазалауға жол бермеуіміз керек. Бастысы - қоғамда бейбітшілікті, бірлік пен келісімді сақтау", - деді ауыл тұрғындарының бірі.
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Үкімет комиссиясы Қордай ауданында жұмысын жалғастыруда. 

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840144-saparbaev-kkykka-kajsy-reket-zasamagandar-bosatylatyn-bolady/

pixel