Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі Масанчидің қазіргі көрінісі қандай

Жарияланған күні:

БАҚ беттерінде жергілікті тұрғындар арасындағы қақтығыстан үш күн өткен соң Масанчидің қазіргі суреттері пайда болды. Бүгінде барлық аумақты күштік құрылымдар бақылауға алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

мсанчи
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

Қордайдағы жаппай төбелес әлеуметтік желі арқылы 2020 жылдың 7 ақпанында кешкі сағат 19.00-де тарала бастады.

Тұрғындар арасындағы жанжалдың салдарынан он адам қаза тауып, тағы 40 адам әртүрлі жарақат алған.

Кейінірек 137 адамның медицина мамандарының көмегіне жүгінгені белгілі болды.

мсанчи
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

Аталмыш оқиғаға қатысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, тәртіпсіздік жасағандар заң аясында жазаға тартылатынын хабарлады.

Сонымен қатар президент қаза болғандардың отбасына көңіл айтты және зардап шеккендерге сауығып кетуін тіледі.

Сонымен бірге мемлекет басшысы бұл оқиғаға байланысты үкімет комиссиясын құруды тапсырды.

мсанчи
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

Президент тапсырмасынан кейін бірден үкімет комиссия құрылып, оған премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев басшылық етті.

Сапарбаев бастаған топ 8 ақпан күні Қордай ауданына барып, топтасқан төбелес кезінде зардап шеккен тұрғындармен және аудан ақсақалдарымен кездесіп, түнгі уақытта зардап шеккен аудандарды жеке бақылап шықты.

Сондай-ақ, үкімет комиссиясы Қордай ауданында Сортөбе, Масанчи, Ауқатты және Қаракемер ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жаппай тәртіпсіздікке қатысқандардың заң аясында жауап беретінін, ал құқыққа қайшы әрекет жасамағандар босатылатынын мәлімдеді.

мсанчи
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

Нұр-Сұлтанда Қордай ауданыдағы оқиғаға байланысты арнайы брифинг те өтті.

Ішкі істер министрлігінің алдын ала болжамы бойынша, жанжал тұрмыстық себептерден шыққан. Жағдайды арандатушылар пайдаланып, оның арты үлкен қақтығысқа ұласқан.

мсанчи
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

мсанчи
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

мсанчи
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

мсанчи
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

мсанчи
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC

Жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі Масанчидің қазіргі көрінісі қандай (фото)
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Facebook

Жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі Масанчидің қазіргі көрінісі қандай (фото)
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Twitter

Жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі Масанчидің қазіргі көрінісі қандай (фото)
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Facebook

Жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі Масанчидің қазіргі көрінісі қандай (фото)
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Facebook

Жаппай тәртіпсіздіктен кейінгі Масанчидің қазіргі көрінісі қандай (фото)
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: Twitter

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840167-zappaj-trtipsizdikten-kejingi-masancidi-kazirgi-krinisi-kandaj-foto/