Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Жарияланған күні:

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты өңір әкімінің баспасөз қызметі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Мәнізоров Алматы облысының әкім орынбасары қызметінен кетті
Фото: kaznews.kz: UGC

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шенеуніктің қызметінен кеткені бүгін, 10 ақпан күні белгілі болған.

Бұл туралы өңір әкімі Амандық Баталов мәлімдеген. Өңір басшысы орынбасарының қызметінен өз еркімен кеткенін айтқан.

"Бағдат Манзоров өз еркімен қызметінен босатылды. Ол басшылық еткен кездері өзін кәсіби маман ретінде көрсетті. Арысты қалпына келтіру кезінде жақсы жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ газ шығару секторындағы, блокты-модульді қазандықты орнатудағы үлесін ерекше атап өту керек. Оған бар жақсылықты тілеймін", - деді ол.

Манзоров Баталовтың сөзінен кейін бұрынғы әріптестеріне алғыс білдірген.

Шенеунік өңір әкімінің орынбасары болып жеті ай жұмыс істегенін атап өтті. Оның сөзінше, осы уақыт аралығында біраз жұмыстар атқарылған. Оның қызметі сол кезде жарылыс болған Арыс қаласындағы мәселелерді шешуден басталған.

Еске сала кетейік, өткен жылы Алматы облысының әкімі Бағдат Манзоровтың қыркүйек айының соңында ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Бұдан кейін Манзоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамақта отырғаны белгілі болды.

2019 жылдың 28 қазанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Кейін Бағдат Манзоров өзінің үстінен қозғалған үш бірдей қылмыстық істің мән-жайымен бөлісіп, "тапсырыс" болғанын мәлімдеді.

Өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев аталған мәлімдемеге қатысты пікірін білдіріп, ешқандай "тапсырыс" болмағанын атап өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840198-bagdat-manzorov-almaty-oblysy-kimini-orynbasary-kyzmetinen-bosatyldy/