Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Түркіменстанда коронавирустан бір адам көз жұмды

Опубликовано:

Түркіменстанның Лебапский уәлаятында Қытайдан эвакуацияланған Түркіменстан азаматтары мен China National Petroleum Corporation (CNPC) компаниясының қытайлық жұмысшыларына арналған лагерь аумағында коронавирустан бір адам қайтыс болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ turkmen.news сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашо: Original

Марқұм жайында ақпарат қатаң түрде құпия сақталуда. Басылымға белгілі болғаны, азамат Қытайдағы университеттердің бірінде білім алған. Оның денесі кремацияланған.

Одан бөлек, Марый уәлайытының тұрғынында қауіпті дерттің белгілері анықталды. Ол қазір Лебапский уәлаятындағы карантинді лагерьде ауыр жағдайда жатыр екен.

Карантинді лагерь - Түркіменстан қорғаныс министрлігі төтенше жағдайлармен күрес бойынша қызметінің жылжымалы ауруханасы.

Госпиталь металл жүк контейнерлері мен үрлемелі модульдерден салынған.

Оның аумағында реанимация және анестезиология, хирургия бөлімшелері, стерильді бокстар мен зертхана орналасқан.

Госпитальді ұлттық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері, ІІМ ішкі қызметі мен сарбаздардан тұратын үш күзет бақылауда.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай елшісі коронавирус қолдан жасалды деген қауесетке жауап берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840200-bak-trkimenstanda-koronavirustan-bir-adam-kz-zmdy/

pixel