Жамбыл облысы ҰҚК басшысы қызметіне Марат Ирменов келді
Жарияланған күні:
Бұған дейін Ақтөбе облысы ҰҚКД басқарған Марат Ирменов Жамбыл облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне басшы болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
Sputnik Қазақстанның жазуынша, Ақтөбе өңіріндегі ҰҚКД-ны басқарған Марат Ирменов Жамбыл облысындағы ҰҚК-ге басшылыққа келген.
Айта кету керек, ол Ақтөбе облысы ҰҚКД басшысы қызметіне төрт жыл бұрын тағайындалған. Оған дейін Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары болып еңбек еткен.
Жамбыл облысы ҰҚКД-нің жаңа басшысы жеке құрамға бүгін таныстырылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Жамблы облысының бас прокуроры қызметіне Нұрғалым Әбдіровтың жайғасқаны белгіл болды. Ол дәл осы салада 28 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алды.
9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.
Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.
Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған.
Аталмыш оқиғадан соң мемлекет басшысының бұйрығымен бірнеше лауазымды тұлға қызметімен қош айтысқан.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840713-zambyl-oblysy-kk-bassysy-kyzmetine-marat-irmenov-keldi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.