jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Ресейлік келіншек пойызда танысқан алматылық ер адамға іздеу салды

: UGC

Ресейлік азаматша пойызда танысқан Николай есімді Алматы тұрғынына іздеу салды деп хабарлайды

KAZ.NUR.KZ

inAlmaty.kz

-ке сілтеме жасап.

роисн
Ольга Тарасова. Фото: inalmaty.kz: UGC

Ольга Тарасованың айтуынша, ол алматылық азаматпен Саратов-Алматы пойызында танысқан.

"2019 жылы тамыз айының басында Саратовтағы әпкемнің үйінде қонақта болдым. 7 тамызда № 008 Саратов-Алматы пойызымен кері қайтқан кезде біздің № 7 купеге Оралдан екі ер адам мінді. Екеуі де Алматыға қарай бара жатты. Біреуінің аты - Николай, Алматыда тұрады. Шамамен 50-53 жаста. Біз танысып, сөйлестік, кейінірек ол менің телефон нөмірімді сұрады, мен айтпадым, енді соған өкінемін", - дейді Ольга.

Келіншек Николайдың тегін білмейді. Ол Ресей мен Қазақстан аумағыдағы әртүрлі ұйымдарға жүгінген. Алайда оған біресе жауап бермей, кейде ақпарат беруден мүлдем бас тартқан.

Аз ғана таныстық барысында Ольга Николай туралы бірнеше дерек біліп алыпты.

"Шаш үлгісінде өзгешелік жоқ. Менің бойым 174 сантиметрмін, ол менен ұзын. Қой көзді, шашы қарақоңыр, дене бітімі шымыр. Сондай-ақ, ол екі қызы мен әпкесі барын, олардың Германияда тұратынын айтты. Қоштасқан кезде 2000 мың шақырым қашықтықтағы адаммен не туралы сөйлесуге болады деп өзімді ойладым. Түсінгендеріңіздей, солай жауап бергеніме өкінемін. Мен жай ғана адам ретінде оны тапқым келеді", - дейді Ольга Тарасова.

Николаймен танысқан кезде Ольга Соль-Илецкте сәулетші болып жұмыс істеген. Қазір ол Орынбор облысының қалалық округ әкімшілігінде құрылыс бөлімінің жетекші маманы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қырғызстан азаматшасының Қостанайда тұратын биологиялық анасына іздеу салғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Ресейлік келіншек пойызда танысқан алматылық ер адамға іздеу салды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.