jitsu gif
Саясат

    Әскерде 40-қа жуық дүнген бар: Қорғаныс министрлігі депутаттың сөзін жоққа шығарды

    : UGC

    Қазақстанда дүнген ұлтының қырыққа жуық жігіті әскерде борышын өтеп жатыр. Бұл туралы қорғаныс министрлігі мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

    смағұл
    Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

    Бұған дейін мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл өзінің Facebook-тегі парақшасында "бірде-бір дүнген қазақ әскерінің қатарында қызмет етпейтіні" туралы жазған.

    "Әлеуметтік желілерде тараған дүнгендердің әскери қызметтен бас тартатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

    Қазақстанда дүнген ұлтынан 40-қа жуық сарбаз мерзімді әскери қызметін атқарып жатыр.

    Жалпы 2019 жылы 30 мыңнан астам сарбаз шақырылды, оның ішінде қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, украиндар, ұйғырлар, өзбектер және басқа ұлт өкілдері бар", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

    Сонымен қатар, ведомство әскерге шақырылушыларды іріктеу кезінде олардың ұлты емес, тән саулығы, психологиялық және моральдық орнықтылығы, жеке қасиеттері басты өлшем ретінде қарастырылатынын атап өтті.

    Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан алғашында 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алды.

    9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

    Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

    Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған.

    Аталмыш оқиғадан соң мемлекет басшысының бұйрығымен бірнеше лауазымды тұлға қызметімен қош айтысқан.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Әскерде 40-қа жуық дүнген бар: Қорғаныс министрлігі депутаттың сөзін жоққа шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.