Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Юлдуз Усманова қызының концертінен баласы бар әйелді қуып жіберді

Опубликовано:

Өзбекстанның белгілі әртісі Юлдуз Усманова қызының альбомының тұсаукесеріне арналған концерттен баласы жылаған келіншекті қуып жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Юлдуз Усманова. Фото: mezon.io
Юлдуз Усманова. Фото: mezon.io: Instagram

Оқиға Нилуфар Усманованың өнер көрсетіп жатқан сәтінде болған. Әртістің қызы халық алдында жаңа альбомын таныстырып жатқан.

Central Asia басылымының хабарлауынша, Усмановаларға меймандар арасындағы келіншектің баласы жылағаны ұнамай қалады. Сондықтан, халық әртісі қызының нөмірін тоқтатып, келіншектен залдан шығып кетуді сұрайды.

Басылым мәліметінше, Усманова өзбек тілінде баланың көп уақыт бойы жүйкесіне тигенін айтыпты.

Бұл жағдайды залда отырған көрермендердің бірі таспалап алған екен. Желіде тараған видеодағы әншінің әрекетіне теріс пікірлер жаудыруда.

Олардың көпшілігі Усмановада "жұлдыз ауруы" белгілері бар екенін айтса, екіншілері жылайтын баламен тұрған әйел концерттің шырқын бұзды деп есептеп отыр.

Айта кетейік, желі қолданушылары отандық танымал әнші Сиви Махмудидің төртінші сәбиін күтіп жүргенін болжауда. Оқырмандардың мұндай ойына өнер иесінің жариялаған cоңғы видеоларының бірі себеп болған. Көпшілік бейнежазбаға сүйене отырып, үш баласы бар әртістің аяғы ауыр деп топшылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840941-ulduz-usmanova-kyzyny-koncertinen-balasy-bar-jeldi-kuyp-ziberdi-video/

pixel