Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үзбе емі": Пышақсыз ота жасап, айықпас дерттің шипасын қалай табуға болады

Жарияланған күні:

Қазақтың халық емінде біз біле бермейтін көптеген дерттерге шипа болатын тәсіл бар. Солардың бірі - "үзбе". Адамдарды емдеудің дәл осы түрімен айналысып жүрген Жасұлан Мұқановтың айтуынша, үзбенің көмегімен соқырішек, аутизм, бүйрек ауруларынан құлан таза айығып, пышақсыз да ота жасауға болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Замана басылымына сілтеме жасап.

замана
Жасұлан Мұқанов. Фото: Замана: Facebook

"Қасиет" емшілер қоғамының мүшесі Жасұлан Төлегенұлының айтуынша, ол адамның қай жері ауыратынын бармағымен-ақ біліп қояды. Тіпті, алыстағы адамның да қай жері ауыратынын жүрісінен біледі екен.

"Қай жерің ауырады деп ешкімнен сұраған емеспін. Саусақ тигізгеннен ұйқысы тыныш па, қан қысымы қанша, қай жері ауырады, бәрін біліп тұрамын. Басынан бастап табанға дейінгі ахуалын, не мазалайтынын өзім айтып беремін", - деді емші.

Емшінің сөзіне сүйенсек, адамдарды емдеу барысында ол ешқандай дәрі, шөп, май дегенді қолданбайды. Десе де, соқырішек сияқты отасыз емделмейтін ауруды пышақсыз да жазып жіберіпті.

"Қолмен. Жарылуға жақын тұрған ішектегі қоқысты қолмен тазалаймын. Бұл пышақсыз операция. Соқырішек деген не? Ол іштің оң жақ төменгі бөлігінде тоқ ішекке жанаса біткен кішкентай қалташа. Оған қоқыс толғанда жарылу қаупі төнеді. Мен оған үзбе жасаймын. Сонда бір сағатта әлгі қалташаға жиналған қоқыс тарайды. Асқазанға көтеріліп, адам құсады. Түсі қап-қара болады. Қалған бөлігі тоқ ішек арқылы дәретпен кетеді", - деді Жасұлан Төлегенұлы.

Мұқановтың сөзінше, осыны жасаған соң ұстама бірден кетеді. Қоқыс қалташа бір сағатта әжептеуір босап қалады, дегенмен толық тазалану үшін ек-үш сеанс керек.

Сондай-ақ, ол соқырішегі бар адамды тілі мен қолына қарап-ақ біліп қоятын көрінеді. Осыдан соң емші науқасқа үзбе жасайды.

"Үзбе бас құйқасынан башпайға дейінгі аурудың бәріне ем. Өйткені ауырған жерге ғана емес, үзбе бүкіл денеге жасалады. Бас ауруы, сақинасы, айналуы, остеохондроз, желке құрысуы, бүйректің төмен түсуі, ондағы киста, тұз, асқазан, өт жолдары, өттің толуы, омырт­қа кеселдері, қалқанша без, ұйқы безі, жүректі де осылай емдеп жүрмін. Нәтижесін емделгендерден сұрап көріңіз. Қайта мен туралы өзім емес, емделушілердің айтқаны дұрыс", - деді емші.

Маманның сөзінше, ол науқастарды жас-кәрі деп бөлмейді. Үзбе емін барлық адамға, барлық диагнозға қолдануға болады. Ол туылғанда немесе басқалай жарақаттан мойын омырт­қасы таюы, дисплазия, майтабан, басында ісік немесе аутизммен ауыратын балаларды да емдейді.

"Аутизм – туа бітті ауру. Ол – орталық жүйке жүйесінің бұзылуы. Ал мен жасайтын үзбе – тамырдың, яғни жүйкенің түйілуін тарқататын ем. Сондықтан аутизмде көмегі бар", -деді емші.

Жасұлан Төлегенұлының сөзінше, адамның тұла-бойы жүйке жасушалары – нейрондардан тұрады. Ал нейрондар оттегімен байытылып тұруы керек екен.

"Тамыр деп біз оны жалпылай айтамыз. Нейрондар оттегімен байытылып тұруы керек. Оттегіні оған қан тамырлары жет­кізеді. Жарақат, түйілу, қысылу сияқты жағдайларда оған оттегі жетпей қалады. Үзбе жасағанда тамырдың жұмысы қалпына келеді де, әрбір жасуша дұрыс жұмыс жасау арқылы ағза өзін-өзі са­уықтырады. Үзбе емінің құпиясы осы.
Негізі бала аутизмге ұшырамауы үшін жүкті әйел суды жеткілікті ішіп жүруі керек. Су дегенде газды, тәтті емес, кәдімгі таза су. Сонда ми тамырында түйілу болмайды. Ми деген ағаштың тамыры сияқты ғой. Оған дұрыс қорек керек, яғни су және қанмен оттегінің жеткілікті жетіп тұруы маңызды", - деді Жасұлан Төлегенұлы.

Емшінің айтуынша, үзбе - қазақтың көнеден келе жатқан емі. Ол туралы қазақ медицинасының негізін қалаған тамаша шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы сонау ХV ғасырда айтып кеткен. Оның жазбаларында осы үзбеге керемет түсініктеме берілген. "Жанға батымы айқын жерді саусақ ұшымен басып, саусақты ғана айналдырып уқаламақ шарт", – дейді. Айтуынша, үзуді сөзбен ұғындыру мүмкін емес. Оны үзбе жасатқан адам ғана жақсы сезініп, түсінетін көрінеді.

Еске сала кетсек, 40 жасында ЭКО-ның көмегінсіз ана атанған әйел қалай бала сүйгенін айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840971-zbe-emi-pysaksyz-ota-zasap-ajykpas-dertti-sipasyn-kalaj-tabuga-bolady/