Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тауларында қар көшкіні жүрді

Опубликовано:

Алматы тауларында қар көшкіні болды. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті оқиғадан ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Осыған дейін ведомство қардың мол түсуіне байланысты тау бөктерінде қар көшкіні болатынын хабарлаған.

Табиғи құбылысты бақылаған "Қазселденқорғау" қызметкерлері көшкен қар Үлкен Алматы көлі маңындағы жолға келіп тоқтағанын мәлім етті.

"17 ақпанда Үлкен Алматы көліне апаратын жол бойындағы Құмбел бақылау бекетінің маңында қар көшкіні болды. Көшкен қардың қалындығы - 70 текше метр. Жол учаскелерін тазарту үшін "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің 2 техникасы мен 6 қызметкері жұмылдырылды. Көлік жүретін жол ашық. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік бұған дейін ТЖД Алматыда қар қалың түсетінін ескертіп, қар көшкініне тап болмас үшін қала тұрғындары мен қонақтарына тауға бармауға кеңес берген еді.

Мәселен 16 ақпанда оңтүстік астанада қалың қар жауып, салдарынан 93 ағаш пен 22 бұтаның құлағаны және 42 автокөлікке зақым келгені белгілі болды.

Сонымен қатар 26 жастағы жігіттің зардап шеккені анықталды. Оның басына ағаштың бұтасы құлған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841377-almaty-taularynda-kar-kskini-zrdi/

pixel