Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің ақша қайда": Шетелде жүрген Қуат Хамитовтың басы дауға қалды

Опубликовано:

Аралас жекпе жек шебері Қуат Хамитов үлкен дауға іліккен "Гарант 24 Ломбард" ұйымының жарнамасына өткен айда түскен. Желі қолданушылары "Найман" лақап атымен танылған спортшыдан неліктен қаржы пирамидасын халыққа ұсынғанын түсіндіріп беруді талап етуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр, instagram.com/garant24_lombard_almaty және фото instagram.com/kuat_khamitov
Видеодан кадр, instagram.com/garant24_lombard_almaty және фото instagram.com/kuat_khamitov: Depositphotos

Спортшының оқырмандары пікірлерін Қуат Хамитовтың Instagram желісіндегі жеке парақшасында қалдырды.

Олар осы жылдың 23 қаңтарында "Гарант 24 Ломбард" ұйымын жарнамалаған аралас жекпе жек шеберінен түсініктеме беруде талап етуде.

Пікір қалдырушылардың басым бөлігі спортшының халықтан кешірім сұрауын күтетінін білдірген.

"Біздің ақша қайда? Ломбард 24-ке сен шақырған соң, барып салдық машинамызды?", "Мұның бұған басы ауырмайды, кара басын ойлайтын адам ғой", "Ломбард 24 алаяқтарына неге жарнама жасайсыздар? Халықтың ақшасын алып тайып тұрды! Халыққа пайдаларын болмаса, тым болмаса зияндарыңды тигізбеңдер!", - деді олар.

Пікір білдірушілердің арасында Қуат Хамитовқа араша түскендер де табылды.

"Қуат сендерді сүйреп апарғандай сол жерге, ол белгілі тұлға ретінде жарнама жасады. Білсе, ол да жасамас еді. Тікелей Қуатқа хабарласып, салайық па деп сұрадыңдар ма? Жоқ, әрине. Сондықтан өз қателіктерің үшін өздерің жауап беріп үйреніңдер", "Ағайын, "Гарант 24" үшін оған неге тиісіп жатсыңдар? Қуатқа жарнама үшін ақша төледі – ол өз ісін жасады. Бұл бизнес, басқа ештеңе де  емес. Ол сол кеңсенің қожайыны, құрылтайшысы емес. Сұрайтын адамды тапқан екенсіңдер", - деді аралас жекпе жек шеберінін жақтаушы топ.

Еске сала кетсек, әнші Айқын Төлепберген мен актер Асылхан мен Артур Төлеповтер "Гарант 24" жарнамасына түскені үшін, халықтан кешірім сұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842268-bizdi-aksa-kajda-setelde-zrgen-kuat-hamitovty-basy-dauga-kaldy/

pixel