Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда құны 50 млн теңге болатын героинді асқазанына жасырып өтпек болғандар ұсталды (фото)

Опубликовано:

Ақтау халықаралық әуежайында ірі мөлшерде героин тасымалдамақ болды деген күдікпен үш қазақстандық азамат ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: knb.gov.kz
Фото: knb.gov.kz: Depositphotos

Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың ақпан айының басында Ақтау халықаралық әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ираннан "героин" есірткі затының контрабандасын ұйымдастыру фактісі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстаған.

Фото: knb.gov.kz
Фото: knb.gov.kz: Depositphotos

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде ұсталғандардың ішкі құрылысынан құны 50 миллион теңге болатын жалпы салмағы шамамен 1 келіні (5 000 біржолғы мөлшерлемеге бара-бар) құрайтын 302 героин капсуласы табылып, алынған.

Фото: knb.gov.kz
Фото: knb.gov.kz: Depositphotos

ҰҚК хабарлауынша, олар героинді асқазаны арқылы тасымалданған.  

Қазір аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы мен 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Фото: knb.gov.kz
Фото: knb.gov.kz: Depositphotos

Еске сала кетейік бұған дейін Қарағандыда есірткі сатты айыпталған мұғалімнің 11 жылға сотталғанын хабарлаған едік.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, тәртіп сақшылары тергеу барысында мұғалімнің 2018 жылдан бері тыйым салынған заттарды саудалағанын анықтаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842483-aktauda-kny-50-mln-tege-bolatyn-geroindi-askazanyna-zasyryp-tpek-bolgandar-staldy-foto/

pixel