jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қызылордада танымал кәсіпкер із-түзсіз жоғалып кетті

: Facebook

Қызылордада жиһаз компаниясының иесі Тынымбай Баженовтен 15 ақпаннан бері хабар жоқ. Ер адам таңертеңгісін дәстүрлі серуеніне шығып, содан қайта оралмаған деп хабарлайды

KAZ.NUR.KZ.

Қызылордада танымал кәсіпкер із-түзсіз жоғалып кетті
"Астана" телеарнасының видеосынан кадр: Facebook

72 жастағы Тынымбай Баженов күн сайын серуенге шығатын болған. Жоғалар күні ол үйінен сағат таңғы 5-те шығып кеткен. Содан бірнеше сағат өтсе де, кәсіпкер үйіне оралмаған.

Әдетте ер адам Сырдария жағалауы ауданында серуендейтін болған. Бұған дейін полицейлер, құтқарушылар мен еріктілердің іздеу жұмыстарына кіріскені хабарланған.

"Астана" телеранасының дерегінше, Тынымбай Баженов жағалуға орнатылған камераларға түсіп қалған.

Туыстарының айтуынша, ер адам ешқашан үйден ұялы телефонынсыз шықпаған және күнделікті бір жолмен ғана жүрген. Алайда ол жоғалар күні смартфонын да, құжаттары мен ақшасын да алмапты.

Жақыны Елтай Шілдебаевтың сөзінше, осы жолы кәсіпкер өзімен ешнәрсе алмай шыққан. Зейнеткердің туыстары ер адамның қайда екенін білген адамға сыйақы беруге дайын.

Тынымбай Баженовтың отбасы оның денсаулығы мен бизнесінде мәселелер болмағанын айтты. Оған ешқандай қоқан-лоққы жасалмаған.

Кәсіпкерді көлік қағып, артынша оны қала сыртына шығарып тастады деген болжам бар. Құтқарушылар су астынан іздеу жұмыстарын жүргізген, алайда нәтиже жоқ. Айта кетсек, іздеу ауданы кеңейтілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда 20 ақпан күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған 8 сынып оқушысының іздеу салынғаны хабарланған.

Кейін жасөспірімнің аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Қызылордада танымал кәсіпкер із-түзсіз жоғалып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.