Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гарант 24 Ломбард", "Выгодный займ", "Estate ломбард" қожайындарына халықаралық іздеу жарияланды

Опубликовано:

Елімізде үш бірдей қаржы пирамидасына тұрғындар бес миллиардтан астам ақша салған. Бұл шығын алда әлі де өсуі мүмкін. Өйткені, тәртіп сақшыларына арызданбаған салымшылар жетіп артылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр: КТК
Видеодан кадр: КТК: Facebook

Осы күнге дейін 3 000-ға жуық тұрғын пирамидалық ұйымдардың кесірінен сан соғып қалғанын айтып, ресми шағымданыпты. Ал тексеруге кіріскен тәртіп сақшылары жұрттың үш бірдей күмәнді қаржы мекемесімен 50 мыңға жуық келісім шарт жасасқанын айтады.

Қазір "Гарант 24 Ломбард", "Выгодный займ" және "Estate ломбард" компаниялары жұмыс істемейді. Бұл пирамидаларды ұйымдастырған қожайындары шетелге қашып кеткен. Ішкі істер министрлігі қазір тоғыз адамға халықаралық іздеу жариялады. Ал аймақтағы филиалдардың 13 директоры тергеліп жатыр.

"22 қылмыстық іс қозғалды. Әсіресе, алаяқтық бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды. Тек "Ломбард 24" емес, "Выгодный займ" және  Estate ломбард деген ЖШС-терге қарсы іс қозғалды", - деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, 25 ақпанда полицейлер "Гарант 24" ломбардына өз ақшасын, көліктерін және үйлерін салып зардап шеккен Тараз тұрғындары туралы алдын-ала деректерді жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Адматы қаласының полиция қызметкерлері 22 ақпан күні "Гарант 24 Ломбард" пен "Estate Ломбард" филиал директорларын қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұстады.

Айта кету керек, "Гарант 24 Ломбард" филиалының директорлары Қазақстанның үш қаласында тұтқындалды.

Ал "Гаранттың" 27 жастағы иесі Аслан Мырзабеков қазір өзге елде бас сауғалап жүр. Желіде оның халыққа жолдаған видеоүндеуі пайда болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842727-garant-24-lombard-vygodnyj-zajm-estate-lombard-kozajyndaryna-halykaralyk-izdeu-zarialandy/

pixel