Қазақстан коронавирусқа байланысты Оңтүстік Кореямен әуе хабарламасын шектейді
Жарияланған күні:
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин әлемде коронавирус тарауына байланысты Қазақстан енгізіп жатқан жаңа сақтану шаралары жайлы айтты. Билік Иранмен әуе хабарламасын уақытша тоқтатуға және Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ұшуды шектеуге ниетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оңтүстік Корея мен Иран жаңа коронавирусқа байланысты әлемдегі "қолайсыз елдер" арасында бірінші топқа еніп отыр.
Соған байланысты, Қазақстан елде коронавирустың таралуына жол бермес үшін бұл мемлекеттермен әуе рейсін уақытша шектемек. Шаралар 1 наурыздан бастап қабылданады.
Жандарбек Бекшиннің түсіндіруінше, елімізден Кореяға апта сайын 9 рейс ұшады. 1 наурыздан бастап олардың саны үшке дейін қысқарады.
Ал Ираннан және Иранға ұшулар толығымен тоқтатылмақ. Бұл мемлекетке ұшуға басқа елдер де тыйым салып үлгерген.
Вирус тарауына байланысты "қолайсыз елдердің" бірінші санатына Жапония елі де кіріп отыр. Алайда бұл мемлекетке тек 2 рейс қатынайтын болғандықтан, әзірге шектеу қою жоспарланып отырған жоқ.
Айта кетейік, "қолайсыз мемлекеттердің" алғашқы тобына Қытай мен Италия да енген.
Бекшиннің мәлімдеуінше, Қытайда ауру қарқыны төмендеп келеді. Ал дәл осы уақытта Италияда коронавирус бірден өршіп, 322 адам дертке шалдыққан.
Айта кетейік, жаңа коронавирус Бразилияға да жеткен. Елдің денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, COVID-19 коронавирусына жасалған анализ алғаш рет оң нәтиже көрсеткен.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842794-kazakstan-koronaviruska-bajlanysty-otstik-koreamen-ue-habarlamasyn-sektejdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.