Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ тергеу изоляторында қайтыс болған Дулат Ағаділдің өліміне пікір білдірді

Опубликовано:

ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді. Қайғылы жағдай ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамалғаннан кейін орын алған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

агадил
Дулат Ағаділ. Фото: Ғacebook / Дулат Агадил: UGC

Санжар Әділовтың айтуынша, белсенді жедел жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінен қайтыс болған.

Алайда билік өкілдері нақты ақпаратты сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін жарияламақ. Сараптама жасауға шамамен бір ай уақыт кетеді.

Маманның хабарлауынша, Дулат Ағаділдің туыстары мен достарының ойлары шындыққа жанаспайды. Оның сөзінше, аталмыш факт сот-медициналық сарапшылардың, прокурордың, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілдерінің қатысуымен денені алғаш қараған кезде-ақ расталған.

Әділовтың сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта белсендінің туыстары сараптама комиссиясының құрамын кеңейтуді және сараптама жүргізуге басқа сарапшыларды кіргізуге рұқсат беруді сұрап, өтініш білдірген. Олардың өтініші қанағаттандырылған.

Одан бөлек, Санжар Әділов бүгінгі күннен бастап осы қылмыстық істі елордалық прокуратураның арнайы прокурорлар басқармасының қызметкерлері мен бас прокуратура өкілдері тергейтінін айтты.

Ол бұл істің ІІМ өндірісінде еместігіне сүйеніп, басқа мәлімет берген жоқ.

ІІМ тергеу департаменті басшысының сөзінше, марқұм белсенді түнде емес, сот санкциясынан кейін кешкі уақытта қамауға алынған.

Еске сала кетсек, 25 ақпанда белсенді Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қайтыс болғаны хабарланды.

Сондай-ақ марқұмның өліміне қатысты іспен Бас прокуратураның өзі айналысатыны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842803-iim-tergeu-izolatorynda-kajtys-bolgan-dulat-agadildi-limine-pikir-bildirdi/

pixel