Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда бірінші ауысымдағы оқушылар үшін сабақ тоқтатылды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылды деп ескертеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда 0-9 сынып оқушыларының сабағы тоқтатылды
Фото: pixabay.com: UGC

27.ағымдағы жылдың ақпан айында ауа райының нашарлауына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды деп хабарлады ведомство.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда -30 градус аязда жеңіл жейдемен жүрген ер адам елді таңырқатқан еді.

Ол үстіне жеңі қысқа жейде мен джинсы шалбар ғана киген. Айналасындағы тоңып жүрген адамдар оны алаңдатпайтын сыңайлы.

Басылымның жазуынша, Нұр-Сұлтандық тұрғындар ер адамның қақаған аязда жеңіл киіммен жүретінін жиі көретін болып шықты.

Айта кету керек, бұған дейін елордада ауа райына байланысты 0-9 сынып оқушыларына сабақтар тоқтатылған еді.

Аталған хабарлама елордалық білім басқармасы Facebook парақшасында пайда болды.

Айта кетейік, сабақтың тоқтатылғаны туралы ата-аналар мен мектеп оқушылары әкімдік мен білім бөлімі басқармасының сайттарынан біле алады. Ақпарат ведомстволардың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында да жарияланады.

Сабақ тоқтатылғаны туралы мәлімет қазақстандықтардың телефонына Төтенше жағдайлар департаментінен SMS түрінде келеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842924-nr-sltanda-0-9-synyp-okusylaryny-sabagy-toktatyldy/

pixel