Нұр-Сұлтанда -30 градус аязда жеңіл жейдемен жүрген ер адам елді таңырқатты (фото)
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтанның қытымыр қысы қаһарына мінді. Далада -30 градус аяз. Алайда күннің суықтығына қарамастан, көшеде жеңіл жейдемен жүрген ер адамның әрекеті жұртты таңқалдырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.
Елордалықтарды таңырқатқан ер адам тілшінің фотоаппаратына түсіп қалған.
Ол үстіне жеңі қысқа жейде мен джинсы шалбар ғана киген. Айналасындағы тоңып жүрген адамдар оны алаңдатпайтын сыңайлы.
Басылымның жазуынша, Нұр-Сұлтандық тұрғындар ер адамның қақаған аязда жеңіл киіммен жүретінін жиі көретін болып шықты.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда ауа райы күрт суитыны хабарланған еді. Мамандардың болжамынша, кейбір өңірлерде -30 градуқа дейін күн суытуы мүмкін.
Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті аязды күндері қазақстандықтарға сақ болуын және ауа райы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жазылған немесе смс-хабарламалар арқылы келген ақпаратты бақылап жүруін ескерткен.
Сонымен бірге, Нұр-Сұлтанда ауа райының нашарлауына байланысты 19-шы қараша бастауш, 20-қарашада бірінші ауысымда оқитын 0-9-сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1828161-nr-sltanda--30-gradus-aazda-zeil-zejdemen-zrgen-er-adam-eldi-tayrkatty-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.