Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда коронавирусты жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Опубликовано:

Грузияның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Екатерина Тикарадзе мемлекет аумағында ресми түрде қытайлық коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелгенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Грузияда коронавирусты жұқтырған алғашқы адам тіркелді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оның сөзінше, дәрігерлер Ираннан келген қала тұрғынынан вирусты анықтаған деп жазады ТАСС. Жолаушының Әзірбайжан арқылы ұшқаны хабарланды.

Вирус жұқтырған Грузия азаматы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Тикарадзе төтенше брифинг кезінде қоғамды сабырға шақырып, адамдардың дүрлікпеуін өтінді. Министр елде коронавирустың таралу қаупі төмен екенін айтты.

Оның сөзінше, ауру жұқтырған азамат арнайы бөлмеге жатқызылған. Ведомство басшысының сөзінше, Грузияның вирусқа төтеп беруге қауқары жетеді.

Ауруларды бақылау орталығында коронавирусты жұқтырған грузин азаматы елде іс жүзінде болмағанын атап өтті. Ол Грузия мен Әзірбайжан шекарасынан бірден медициналық мекемеге жеткізілді.

Сондай-ақ, атап өтілгендей, науқастармен қарым-қатынас орнатқан адамдардың да карантинге жіберілгені анықталды.

Еске сала кетсек, коронавирус Италия арқылы өзге де Еуропа елдеріне тарап жатқанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842926-gruziada-koronavirusty-zktyrgan-algasky-adam-tirkeldi/

pixel