Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус әлемді жауламақшы: Қауіпті індет тағы алты елден анықталды

Жарияланған күні:

Қытай аумағынан тыс коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны көбеюде. Оңтүстік Кореяда індет жұқтырғандар 1,5 мың адамнан асып кетті. Ал Еуропаның тағы төрт елінен қауіпті коронавирус анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус тағы алты елден анықталды
Фото: Getty Images / Stringe: UGC

ТАСС таратқан мәліметтерге сәйкес, соңғы тәулікте Оңтүстік Кореяда коронавирусты 334 адам жұқтырған. Жалпы алғанда 1595 адамнан қауіпті инфекция анықталған.

РИА Новости басылымының ақпарынша, аталмыш вирус Норвегия, Финляндия, Грузия, Солтүстік Македония, Пәкістан мен Латын Америкасында тіркелген.

Норвегия Денсаулық сақтау органының хабарлауынша, коронавирус анықталған адам ауруынан айыққан, дегенмен ол карантинде жатыр.

Грузияның Денсаулық сақтау министрі де COVID-19 вирусын жұқтырған адамның ел аумағында тіркелгенін мәлім етті. Оның дерегінше, Әзірбайжан арқылы жақында ғана Ираннан келген Грузия азаматынан коронавирус анықталған.

Финляндияда да вирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Инфекция Италиядан отанына оралған азаматтан табылған. Қазір оның емделіп жатқаны, денсаулығы жақсы екені хабарланды.

Сондай-ақ Солтүстік Македония мен Пәкістанда да вирус жұқтырғандар анықталды.

Басылымның хабарлауынша, ауру Латын Америкасына да жеткен. Коронавирус Бразилия азаматынан анықталған. Ол індетті Италияға жасаған сапары кезінде жұқтырған.

Соңғы деректерге сүйенсек, Қытайда 2744 адам коронавирус құрбаны болды. Соңғы бір тәулікте 29 адам көз жұмған. 32,5 мың адам ауруынан айыққан.

Айта кетсек, бұған дейін Грузияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелгені белгілі болды.

Еске сала кетсек, коронавирус Италия арқылы өзге де Еуропа елдеріне тарап жатқанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842934-koronavirus-lemdi-zaulamaksy-kauipti-indet-tagy-alty-elden-anyktaldy/