Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір-біріне оқ атты": Дәрігер қыздар Қордай оқиғасындағы жұмысы жайлы айтты

Опубликовано:

Масаншы ауылында жаппай тәртіпсіздік болған күні жедел жәрдемнің он бір бригадасы жұмыс істеп, қақтығыс нүктелеріне барып, жарақаттанған адамдарға көмек көрсеткен. Дәрігерлер бір-біріне шабуылдаған адамдарды көргенін алға тартты. Олар 7 ақпан күні қандай көріністің куәгерлері атанғанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Ұрып, бір-біріне оқ атты": Қордайдағы дәрігерлер тәртіпсіздіктер кезіндегі жұмысы жайлы айтты
Фото: polisia.kz, Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Сол күні қақтығыс болған жерге дереу әр ауданнан дәрігерлер жөнелтілген.

Малика Қамалдинованың жасы 29-да. Ол - Сортөбеден келген фельдшер. Екі баласы бар: ұлы 7-де, ал қызы 5-те.

Соған қарамастан оған тәртіпсіздіктер болып жатқан орынға бармай қалу туралы ой мүлде келмепті.

Айтуынша, олардың бригадасы келген сәтте ауыл орталығында 300 тұрғын болған. Айнала өртке оранып, жолдастары жарақаттанған адамдарды көпшілік орыннан алыстатып әкетіп бара жатқан. Көмекке келген Малика қарудан атылған дауыстарды естіпті.

Көбі оқ жарақатын алған. Фельдшер таңғы 5 шамасында барлығы тынышталғанын еске түсірді.

Ол өз жұмысын істеп жатқан кезде мүлде ештеңеден қорықпаған. Жағдайдың қаншалықты қорқынышты екенін ол кейіннен сезген. Медициналық қызметкер адамдардың қайдан ғана осындай зұлым болғанын түсіне алар емес.

Бас фельдшер – 28 жастағы Аида Қоқұроқбаеваның сөзінше, олар кешке келіп жеткен.

Жаппай төбелес болып жатқан ауданда олар жарақаттанған адамды көпшілік арасынан алып шығып бара жатқан кезде көліктеріне тас лақтырылғанын айтты.

Бойжеткен мұны жай ғана сәйкестік деп біледі. Себебі олар қозғалып келе жатқан кезде адамдар бірін-бірі ұрып, оқ атқан. Ол да әріптесі секілді ештеңеден үрейленбепті.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алды.

9 ақпанда тағы екі адамның қайтыс болғаны хабарланып, жаппай тәртіпсіздіктен көз жұмғандар саны 10 адамға жетті.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған.

Аталмыш оқиғадан соң мемлекет басшысының бұйрығымен бірнеше лауазымды тұлға қызметімен қош айтысқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842967-bir-birine-ok-atty-driger-kyzdar-kordaj-okigasyndagy-zmysy-zajly-ajtty/

pixel