Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иранның Ватикандағы бұрынғы елшісі коронавирустан қайтыс болды

Опубликовано:

Иранның Ватикан мен Мысырдағы бұрынғы елшісі Хади Хосроушахи коронавирустан көз жұмды. Осыған байланысты елдің сыртқы істер министрлігі оның жақындары мен туыстарын көңіл айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото : Political Studies and Research Institute
Фото : Political Studies and Research Institute: Instagram

IRNA агенттігінің мәліметінше, бұырнғы елші сәрсенбі, 26 ақпан күні Тегеран ауруханаларының біріне жеткізіліп, Кум қаласында коронавирус жұқтырғаны расталды.

Қарт дипломат кеше, 27 ақпанда қайтыс болған.

Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф ведомствоның Telegram арнасындағы парақшасындағы жазбасында Хосроушахидің қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтып, берік болуларын жеткізді.

Бейсенбі күнгі мәліметтерге сәйкес, Иранда коронавирустық инфекциясын жұқтырғандарың саны 245-ке жетті, олардың 26-сы көз жұмған.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчиден, кейін 57 жастағы парламент депутаты Махмуд Садекиден де коронавирус табылғаны анықталды.

27 ақпанда, Иранның әйелдер және отбасы мәселесі бойынша вице-президенті Масуме Эбтекардың коронавирус жұқтырғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843117-iranny-vatikandagy-bryngy-elsisi-koronavirustan-kajtys-boldy/

pixel